Өңірлер

Ақтөбе облысында мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысында жымқыру ісі бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Ақтөбе облысы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлеріне ақшалай төлем төлеудің бұзылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Осы факті бойынша аудиторлық тексеріс жүргізілді, нәтижесінде Мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ұсталды", - делінген хабарламада.
6 маусымда лауазымды тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Лауазымды тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.
Нұржан Әлтаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2023
Қоғам
Экс-депутат Нұржан Әлтаев ұсталды
Жаңалықтар
0