https://sputnik.kz/20230609/toqaev-bosniya-zhane-gertsegovina-prezidiumynyn-toragasymen-kezdesti-35794386.html
Тоқаев Босния және Герцеговина президиумының төрағасымен кездесті
Тоқаев Босния және Герцеговина президиумының төрағасымен кездесті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Босния және Герцеговина президиумының төрағасымен кездесті. 09.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-09T13:11+0500
2023-06-09T13:11+0500
2023-06-09T13:12+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/06/09/35794488_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_330afd22ce631321bde639b49290e46f.jpg
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Босния және Герцеговина президиумының төрағасымен кездесті.Президент Желька Цвияновичке Астана халықаралық форумының жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы бұл сапар екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және ауқымды мәселелер бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты іске асыру үшін жақсы мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті. Ол Босния және Герцеговинаны Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Балқан аймағындағы перспективті сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын айтты. "Желька Цвиянович қонақжайлық көрсетіп, жылы қабылдағаны, сондай-ақ Астана халықаралық форумына шақырғаны үшін алғыс айтты. Бұдан бөлек, ол форумды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Оның аясында халықаралық ынтымақтастық пен жаһандық экономиканың қазіргі жағдайына қатысты жаңа бастамалар айтылғанын жеткізді", -деп жазады Ақорда.Тараптар сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Өзара сенімге негізделген келіссөздер сындарлы және мазмұнды сипатта өтті. Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.
https://sputnik.kz/20230609/toqaevtyn-buginge-zhospary-qanday-35786755.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/09/35794488_6:0:1153:860_1920x0_80_0_0_e00f6a7c83e2c980f0b0eb54bbb1a6b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Босния және Герцеговина президиумының төрағасымен кездесті.
Президент Желька Цвияновичке Астана халықаралық форумының жұмысына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы бұл сапар екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және ауқымды мәселелер бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты іске асыру үшін жақсы мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.
Ол Босния және Герцеговинаны Оңтүстік-Шығыс Еуропа мен Балқан аймағындағы перспективті сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастыратынын айтты.
"Желька Цвиянович қонақжайлық көрсетіп, жылы қабылдағаны, сондай-ақ Астана халықаралық форумына шақырғаны үшін алғыс айтты. Бұдан бөлек, ол форумды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Оның аясында халықаралық ынтымақтастық пен жаһандық экономиканың қазіргі жағдайына қатысты жаңа бастамалар айтылғанын жеткізді", -деп жазады Ақорда.
Тараптар сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Өзара сенімге негізделген келіссөздер сындарлы және мазмұнды сипатта өтті. Келіссөздер нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.