Тоқаевтың бүгінге жоспары қандай - жұмыс кестесі жарияланды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесінде бірқатар кездесулер жоспарланған, деп хабарлады Ақорда жұма күні.
Президент Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвияновичпен кездесу өткізеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны, ЭСКАТО-ның атқарушы директоры Армида Алисджабананы және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰДБ әкімшісінің орынбасары Ивана Живковичті қабылдайды.
Сонымен қатар президент ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен, Total Energies директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен, Sun Seven IG басқарма төрағасы У Чжэнмен, ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен бірқатар кездесу өткізеді.
Астана халықаралық форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Астана халықаралық форумы
Тоқаев: Қазақстан – шын мәнінде сенімді сауда-экономикалық серіктес
Жаңалықтар
0