Өңірлер

Абай облысында өрт 2 мың га аумақты шарпыды - үш ауыл тұрғындары эвакуацияланды

© Photo : ҚР ТЖМӨрт
Өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Абай облысына қарасты Батпаев орман шаруашылығының 2 мың гектар аумағына жайылған ірі өртті сөндіру жалғасып жатыр. Өрт орнына тағы үш облыстың – Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының және Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен техникасы жіберілді.
Үш елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
"Сағат 00.00-де жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында мектеп және колледж базасында эвакуациялау пунктерін жасады. Успенское, Поднебесное және Барышевка ауылдарының тұрғындары туыстарына барды. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аудандық ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері оқиға орнында кезекшілікте жүр. Үш ошақта өртті сөндіру жалғасып жатыр", - делінген ведомство ақпаратында.
Өртті сөндіруге барлығы 296 адам, 64 техника және үш тікұшақ жұмылдырылды. Тікұшақпен 12 рет су себілді. Жалпы көлемі - 30 тонна.
Орман өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2023
Өңірлер
Қостанай облысында болған алапат өртке кінәлі адам сотталды
Жаңалықтар
0