Өңірлер

Қостанай облысында болған алапат өртке кінәлі адам сотталды

© Photo : СС0 / skeezeОрман өрті
Орман өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2023
Жазылу
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Әулиекөл аудандық сотының шешімімен жергілікті тракторшы күзде болған алапат өртке кінәлі деп танылды. Сол кезде жүздеген адам баспанасыз қалды, мыңдаған гектар жер күлге айналды, деп хабарлайды "ТоболИнфо" порталы.
Тергеу материалдарына сәйкес, былтыр күзде болған өрт кезінде 39 мың гектар орман және шаруашылық жерлер өртенді. Мемлекетке 18,7 миллиард теңге шығын келді.
Бұдан бөлек, жүздеген үй, жеке мүлік пен мал жанып кетті. Оның шығыны – 642 миллион теңге. Ал өрт сөндіру шараларына тағы 42 миллиард теңге жұмсалды.
Қылмыстық іс бас прокуратураның бақылауымен тергелді. 44 жастағы жергілікті тракторшы Александр Рапейко кінәлі деп танылды.
Былтыр 22 желтоқсанда Әулиекөл аудандық соты өз үкімін шығарды. Онда өрттің қалай басталғаны туралы жазылған. 2 қыркүйек күні түскі уақытта ағаш дайындаушы Есмағамбетов Бағаналы ауылына барған. Сол жерде жаңадан танысқан Рапейконы "МТЗ-82" маркалы тракторымен темір үйшікті орман жаққа апарып беруді өтінген. Сол үшін ақша төлейтінін айтқан. Есмағамбетов ол жақта ағаш дайындап жүрген. Рапейко келіскен.
Сот материалдарына сәйкес, тракторда ұшқынды бәсеңдететін құрылғы болмаған. Газ шығаратын түтігі де дұрыс болмаған. Содан орманның жанынан өтіп бара жатқанда ұшқын шөпке тиіп, өрт басталған. Басаман орман шаруашылығына қарасты жерлер өртке оранды. Одан кейін Аманқарағай мен Озерное ауылдарына жеткен.
Порталдың ақпараты бойынша жәбірленуші тарап – облыстық әкімдіктің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының өкілі сотта болмады.
Кінәлі тракторшыға шығынды өтеуге талап қойылған жоқ. Александр Рапейко бір жылға шартты түрде сотталды.
Бұған дейін Басаман орман шаруашылығының директоры Асхат Жақашев тергеуге алынған болатын. Оны уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бірақ Рапейконың сотына шақырылған жоқ.
 Қостанай облысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2022
Қостанай облысында өртенген орман қалпына келтіріле бастады
Жаңалықтар
0