Оқиға

Астанада әйел баласымен бірге 12-қабаттан құлап кетті

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Астанада әйел баласымен бірге тұрғын үйдің 12-қабатынан құлап, көз жұмды.
Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 9 маусым түскі сағат 14.19-де болды. "102" нөміріне Сығанақ көшесінде 12-қабаттың терезесінен бала мен әйел құлағаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетті. Әйел алған жарақатынан сол жерде көз жұмған, ал бала ауруханада қайтыс болды.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама жасалады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Балалар, терезе - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2023
Түркістан облысында терезеден құлап кеткен 5 жасар бала көз жұмды
Жаңалықтар
0