Түркістан облысында терезеден құлап кеткен 5 жасар бала көз жұмды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуБалалар, терезе
Балалар, терезе - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда соңғы тәулікте екі бала терезеден құлап кетті, деп хабарлады жұма күні төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жезқазғанда екі жасар бала 3-қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бала орташа дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Түркістан облысында Таукент ауылында бес жасар бала 5-қабаттың терезесінен құлап кетті.
Ол оқиға орнында көз жұмды.
Астана, үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2023
Оқиға
Баланы балконнан лақтырып, енесін өлтірді: Астанада ер адам терезеден секіріп кетті
Жаңалықтар
0