https://sputnik.kz/20230609/abay-oblysy-orman-orti-ministr-sqo-sapar-35794901.html
Абай облысында орман өрті өршіп барады: министр жұмыс сапарын тоқтатуға мәжбүр болды
Абай облысында орман өрті өршіп барады: министр жұмыс сапарын тоқтатуға мәжбүр болды
Sputnik Қазақстан
Абай облысында "Семей орманы" аумағындағы өрттің ауданы 30 мың гектарға дейін жетті
2023-06-09T13:30+0500
2023-06-09T13:30+0500
2023-09-15T10:50+0500
орман өрті
жұмыс сапары
абай облысындағы орман өрті
https://sputnik.kz/img/07e7/06/09/35795184_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_599f996bedb32dd817506d2b566f60cd.jpg
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Абай облысында "Семей орманы" аумағындағы өрттің ауданы 30 мың гектарға дейін жетті. Өрттің өршуіне байланысты төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты.ТЖМ мәліметінше, Абай облысында 6 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруге жәрдемдесуде."Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және қорғаныс министрлігінен 600-ден астам адам, 168 техника жұмылдырылған. Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес, өрт ауданы 30 000 га құрайды", - делінген хабарламада.Тілсіз жауды ауыздықтауға 6 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жұмысы жүріп жатыр. Бүгінге дейін өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілген, жалпы көлемі 154 тоннаны құрайды.Ведомство ақпаратынша, төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты. Министр ТЖМ Дағдарыс жағдайында басқару орталығындағы штабты жеке өзі басқарады."Қазгидромет" болжамынша, 9 маусымда күндіз облыстың солтүстігінде, батысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігі мен батысында 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-20 градус, облыстың оңтүстігінде 23 градус, ал күндіз 29-34 градус, облыстың оңтүстігінде 38 градус ыстық күтілуде.Еске салсақ, 8 маусым күні түсте Абай облысы Батпаев орман шаруашылығының аумағында 0,3 га алаңда ағаштар жанғаны хабарланды. Түнге дейін өрт 2 мың га дейін жайылды. Үш елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды.
https://sputnik.kz/20230609/ort-abay-audanynda-2-myn-gektar-aumaqty-sharpydy-auyl-35784938.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/09/35795184_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_1f13303c3527f04bde012237a9957b72.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы орман өрті семей орманы пожар лесной пожар
абай облысы орман өрті семей орманы пожар лесной пожар
Абай облысында орман өрті өршіп барады: министр жұмыс сапарын тоқтатуға мәжбүр болды
13:30 09.06.2023 (жаңартылды: 10:50 15.09.2023) Кеше басталған орман өртін сөндіруге 600-ден аса адам және 6 тікұшақ жұмылдырылды
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Абай облысында "Семей орманы" аумағындағы өрттің ауданы 30 мың гектарға дейін жетті. Өрттің өршуіне байланысты төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты.
ТЖМ мәліметінше, Абай облысында 6 учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті сөндіруге жәрдемдесуде.
"Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және қорғаныс министрлігінен 600-ден астам адам, 168 техника жұмылдырылған. Орман шаруашылығы комитетінің ақпаратына сәйкес, өрт ауданы 30 000 га құрайды", - делінген хабарламада.
Тілсіз жауды ауыздықтауға 6 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жұмысы жүріп жатыр. Бүгінге дейін өрт ошақтарына әуеден 55 рет су төгілген, жалпы көлемі 154 тоннаны құрайды.
Ведомство ақпаратынша, төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты. Министр ТЖМ Дағдарыс жағдайында басқару орталығындағы штабты жеке өзі басқарады.
"Қазгидромет" болжамынша, 9 маусымда күндіз облыстың солтүстігінде, батысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігі мен батысында 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-20 градус, облыстың оңтүстігінде 23 градус, ал күндіз 29-34 градус, облыстың оңтүстігінде 38 градус ыстық күтілуде.
Еске салсақ, 8 маусым күні түсте Абай облысы Батпаев орман шаруашылығының аумағында 0,3 га алаңда ағаштар жанғаны хабарланды. Түнге дейін өрт 2 мың га дейін жайылды. Үш елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды.