Қосшыда 13-тегі жасөспірім суға батып кетті

© Елена БережнаяШомылу маусымы
Шомылу маусымы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Қосшы қаласында 13 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 7 маусымда болған. Жасөспірімдер жағажайға үлкендердің рұқсатынсыз барған.
"Жағажай аумағына барған жұмыс тобы 2010 жылы туған Қосшы қаласының тұрғыны суға батып кеткені анықтады. Мәйіт ТЖБ қызметкерлері келгенге дейін коммуналдық жағажайдың құтқарушы жасағының күшімен судан табылды. Ата-аналарға суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмауды, рұқсат етілген аймақтар мен су айдындарында ғана шомылу керек екенін ескертеміз", - деді Қосшы қаласы ТЖБ бастығы Асқар Жақыпов.
Жалпы шомылу маусымы басталғалы 11 бала суға батып кеткен.
"Жыл басынан бері Қазақстанда 53 адам суға кетті. Оның 17-сі бала. Ал шомылу маусымы басталғалы 26 адам суға батып кеткен, оның 11-і бала", - дейді төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Сыртқы істер министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2023
Таиландта қайтыс болған екі қазақстандықтың денесі бірнеше күнде елге жеткізіледі
Жаңалықтар
0