Таиландта қайтыс болған екі қазақстандықтың денесі бірнеше күнде елге жеткізіледі

© Photo : официальный аккаунт МИД Казахстана в FacebookСыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 маусым - Sputnik. Таиландта қайтыс болған екі қазақстандықтың денесі жақын арада елге жеткізіледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
1 маусымда Артур Ысқақов шектеу шараларына қарамай, жағажайда суға түскен.
Бейресми ақпаратқа сәйкес, ол суға батып бара жатқан қызын құтқаруға тырысқан. Бірақ өзі қатты толқынға төтеп бере алмай, суға батып кете жаздады. Оны шұғыл аурухана жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызды. Кеше кешкісін Артурдың жүрегі тоқтап қалды.
"Бұл соңғы бір аптада болған екінші жағдай, 3 маусымда тура сол жерде тағы бір қазақстандық қайтыс болды. Ол да шектеулерге қарамай, суға түскен. Оны да қатты толқын алып кетті. Қазіргі кезде консул туыстарына қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп жатыр. Жақын арада екеуінің денесі Қазақстанға жеткізіледі", - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Артурдың ата-анасы Пхукетке ұшып барды.
3 маусымда тағы бір қазақстандық Таиландта теңізге түсіп, қайта шыға алмаған. 45 жастағы Александр Макаров суға тұншығып қалғаны белгілі болды. Құтқарушылар мен туристер оны Таланг ауруханасына жеткізген, алайда ер адамды аман алып қала алмаған.
Таиланд полициясының мәліметіне сәйкес, шектеу шараларын, көбінесе, ТМД-дан келетін туристер елемей, суға түседі. Соның салдарынан қайғылы жағдай статистикасы азаймай отыр.
Пациент в палате реанимации в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2023
Таиландта комаға түскен қазақстандық көз жұмды
Жаңалықтар
0