Тоқаев Астана әкімін Ақордаға шақырды

© Sputnik / Владислав ВодневТоқаев Астана әкімін Ақордаға шақырды
Тоқаев Астана әкімін Ақордаға шақырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елорданың әкімін қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жеңіс Қасымбек президентке елорданы сумен қамтамасыз ету шаралары туралы баяндап берді.

"Әкімге қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдау тапсырылды", - делінген ресми хабарламада.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су мәселесіне қатысты жағдай президент әкімшілігінің бақылауына алынды.
Айта кетері, соңғы кезде Астана ауыз су мәселесі ушығып кетті. Қалада адам саны күн сайын өсіп келеді. Қазіргі қондырғылар суды тұтыну көлемін қамтамасыз ете алмай отыр. Соның салдарынан қысымды азайтты, су сөндіру кестесі енгізілді.
Қаланың бұрынғы әкімі Алтай Көлгіновке үкіметте бірнеше рет мәселенің мән-жайын түсіндіруге тура келді.
Ал қала әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындарға бейнеүндеу жолдады.
Жители ЖК в Астане  вышли на улицу, протестуя против отключений воды в жару - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2023
"Мәселе бір айда шешіледі": Астана әкімі тұрғындарға үндеу жолдады
Жаңалықтар
0