"Мәселе бір айда шешіледі": Астана әкімі тұрғындарға үндеу жолдады

© Sputnik / Владислав ВодневЖители ЖК в Астане вышли на улицу, протестуя против отключений воды в жару
Жители ЖК в Астане  вышли на улицу, протестуя против отключений воды в жару - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы су тапшылығына байланысты тұрғындарға үндеу жолдады.
"Соңғы уақытта Астана қаласында су тапшылығы мәселесі көтеріліп жатыр. Рас, қаламызда мұндай проблема бар. Қазіргі уақытта тәулігіне 25 мың кубометр су жетіспейді. Қаламыз күн санап өсіп жатыр. Жылына кем дегенде 60-70 мың жаңа тұрғын қосылады, ал соңғы 3 жылдың ішінде қаламызда тұратын азаматтардың саны 200 мың адамға артты", - деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әкімнің айтуынша, келесі мәселе – соңғы айда суару жұмысы басталып кетті. Өткен аптада болған +30 градустан асатын аптап ыстық осы аптада да жалғасады деп болжанып отыр.

"Осыдан 2 жыл бұрын әкімдік екі жаңа нысанның құрылысын бастаған. Бірінші нысан – қазір өздеріңіз көріп отырғандай, мынау сорғы станциясы. Бұл нысанның құрылысы осы айдың соңына дейін толығымен бітеді және қалаға қажетті күніне 25 мың кубометр су берілетін болады. Екінші нысан – су құбыры, яғни Астана су қоймасынан қалаға келетін су құбыры. Бұл нысан да аяқталып қалды. Келесі аптада толығымен құрылыс жұмысы бітеді және қалаға қажетті су қысымы берілетін болады", - деп сендірді мегаполис басшысы.

Жеңіс Қасымбек бір айдың ішінде бүгінгі су тапшылығы мәселесі толығымен шешілетінін айтты.

Оның сөзінше, тамыз айында бұл станцияның екінші кезеңінің құрылысы бітеді. Тиісінше қалаға күніне қосымша 85 мың кубометр су берілу мүмкіндігі пайда болады. Бұл алдағы 3-4 жылға жеткілікті.
Айта кетері, соңғы бірнеше айда елордада су тапшылығы мәселесі туындады. Тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындар жолдарды жауып, наразылыққа шыға бастаған. Кеше кешке де Нәжімеденов көшесіндегі тұрғын үй кешенінің тұрғындары мәселеге биліктің назарын аударту мақсатында көшеге шықты.
"Браво" тұрғын үй кешенінің тұрғындары Нәжімеденов көшесінің бойындағы жолды жауып тастадыОлар бір апта бойы сусыз отыр. Су тек үш-төрт сағатқа және түнде ғана беріледі. Сағат 2-ден 5-ке дейін.
Астанчане протестуют против отсутствия воды в их домах - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
Астанадағы су тапшылығы: мекеме наразылыққа шыққан тұрғындарға жауап берді
Жаңалықтар
0