Білім

Қазақстанда орыстілді балабақшалар жабыла ма - министр жауабы

© Sputnik / Владислав ВодневБалабақша
Балабақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2023
Жазылу
Мемлекеттік балабақшалардағы оқытуды қазақ тіліне көшіру жоспарланып отыр, бірақ бұл оқытуды күшейтуге қатысты, деді министр
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі барлық мемлекеттік балабақшаны қазақ тіліне көшіруді жоспарлап отыр, деп хабарлады ведомство басшысы Ғани Бейсембаев.
"Бүгінде 11 мыңнан астам балабақша бар. Жартысы мемлекет меншігінде. Біз қазақ тіліндегі балабақшаларға қажеттілік пен сұранысты көріп отырмыз. Мектепке дейінгі білім беру департаменті барлық мемлекеттік балабақшада қазақ тілінде оқыту мүмкіндігін қарастырып жатыр", - деді министр үкімет отырысынан кейін берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, қазір мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету үшін қанша балабақша және қандай тілде оқыту қажет екені сарапталып жатыр.

"Менің ойымша, балабақшалар таза қазақтілді болуы керек. Өйткені мемлекеттік тілде балабақша ұйымдастыру қиындық тудырмайды. Тәрбиешілер де бар, сұраныс та бар", - деп бөлісті Бейсембаев.

Министр аралас және орыстілді балабақшалардың жабылу ықтималдығына қатысты түсініктеме берді.
"Мұндай мекемелерді жабу туралы мәселе ешқашан болмайды. Біз мемлекеттік тілде оқытуды күшейтіп жатырмыз", - деп түйіндеді ол.
Балабақша - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2023
Қарағандыда заңсыз жұмыс істеген балабақшада оқыс оқиға болды
Жаңалықтар
0