https://sputnik.kz/20230301/qaragandyda-zansyz-zhumys-istegen-balabaqshada-oqys-oqiga-boldy-32571372.html
Қарағандыда заңсыз жұмыс істеген балабақшада оқыс оқиға болды
Қарағандыда заңсыз жұмыс істеген балабақшада оқыс оқиға болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қарағандыда екі жастағы бала жекеменшік балабақшада күйіп қалды. Мектепке дейінгі мекеме заңсыз жұмыс істеп келген екен. Оны зардап... 01.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-01T09:01+0500
2023-03-01T09:01+0500
2023-03-01T09:01+0500
балабақша
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қарағандыда екі жастағы бала жекеменшік балабақшада күйіп қалды. Мектепке дейінгі мекеме заңсыз жұмыс істеп келген екен. Оны зардап шеккен бүлдіршіннің ата-анасы полция мен білім бөліміне шағымданғанда ғана білген, деп хабарлады КТК.Дәрігерлер баланың табанын термиялық күйік шалып, денесінің төрт пайызы зақымданған деген диагноз қойыпты. Анасының айтуынша, қазір ол аяғын басып тұра алмайды. Мемлекеттік балабақшада екі жасқа дейінгі балаларды қабылдамайтындықтан, ата анасы бөбекті жеке тәрбиешінің қарауына берген. Кейін ұлғайып орталыққа айналыпты. Алайда қандай да бір тексеріс келіп кетерде орталықтың бала қабылдамайтын тәртібі болыпты. Оның себебі қазір анықталып жатыр. Сөйтсе бөбектерді қарап келген мекемеде бұл кәсіппен айналысуға рұқсат болмаған.Аталаған жайт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады."Бұл мекеме заңсыз жұмыс істеп келген. Мектепке дейінгі бала тәрбиесіне рұқсаты болмаған. Сондықтан ата-аналардан баланы қандай да бір мекемеге берерде оның рұқсат қағазын тексеріп алуды сұраймыз", - дейді Қарағанды білім бөлімінің маманы Әлия Биева.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша
Қарағандыда заңсыз жұмыс істеген балабақшада оқыс оқиға болды
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қарағандыда екі жастағы бала жекеменшік балабақшада күйіп қалды. Мектепке дейінгі мекеме заңсыз жұмыс істеп келген екен. Оны зардап шеккен бүлдіршіннің ата-анасы полция мен білім бөліміне шағымданғанда ғана білген, деп хабарлады
КТК. "Тәрбиеші баланы жуындырмақ болғанда екінші бала жылаған, соған кетіп қалған. Сол аралықта менің балам ыстық суды бұрап ашып жіберіпті-міс. Ыстық судан табанының терісі түсіп қалған. Енді аяғы көлкілдеп ісіп тұр", - дейді Қарағанды тұрғыны Виктория Евтеева.
Дәрігерлер баланың табанын термиялық күйік шалып, денесінің төрт пайызы зақымданған деген диагноз қойыпты. Анасының айтуынша, қазір ол аяғын басып тұра алмайды. Мемлекеттік балабақшада екі жасқа дейінгі балаларды қабылдамайтындықтан, ата анасы бөбекті жеке тәрбиешінің қарауына берген. Кейін ұлғайып орталыққа айналыпты. Алайда қандай да бір тексеріс келіп кетерде орталықтың бала қабылдамайтын тәртібі болыпты. Оның себебі қазір анықталып жатыр. Сөйтсе бөбектерді қарап келген мекемеде бұл кәсіппен айналысуға рұқсат болмаған.
Аталаған жайт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
"Бұл мекеме заңсыз жұмыс істеп келген. Мектепке дейінгі бала тәрбиесіне рұқсаты болмаған. Сондықтан ата-аналардан баланы қандай да бір мекемеге берерде оның рұқсат қағазын тексеріп алуды сұраймыз", - дейді Қарағанды білім бөлімінің маманы Әлия Биева.