Егіс науқанына 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді

© Информационный центр ВКОЕгіс науқаны
Егіс науқаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Көктемгі дала жұмыстарына 419 мың тонна дизель отыны бөлінді, деп хабарлады энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
"Биыл кесте былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда біркелкі: айына 81-117 мың тонна. Өткен жылы мұнай өңдеу зауыттарынан жөнелтулер айына 20-152 мың тонна аралығында ауытқып отырды. Жөнелтудің біркелкілігі жанармай құю станциясына көбірек дизель отынын жөнелтуге мүмкіндік берді", - деді Сәтқалиев үкімет отырысында.
Оның айтуынша, субсидияланатын дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен оны бақылау мақсатында шаруалар үшін арнайы ПИН-код белгіленіп, электронды шот-фактура жүйесінде жеке виртуалды қоймалар құрылған.
Сондай-ақ билік дизель отынын әртүрлі түске бояды:
Атырау мұнай өңдеу зауытының дизель отыны сары түсті;
Павлодар – қызыл түсті;
Шымкент – көк түсті.
"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін көктемгі дала жұмыстарына арналған дизель отынының құны мұнай өңдеу зауытынан тікелей литріне 184 теңгені құрады. Егер жеткізу шығындарын есептесек, баға литріне 204 теңгені құрайды. Бұл жанар-жағармай құю бекетіндегі бағадан (295 теңге) 31 пайызға төмен", - деп атап өтті Энергетика министрі.
Сондай-ақ ол Павлодар мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын, оның 40 күнге созылатынын айтты.
"Осы кезеңде мұнай базаларында дизель отыны мен бензин қоры жасақталды. Әкімдіктермен бірлесе отырып қажетті көлемде бензин мен дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр. Егін жинауға міндетті түрде дайындаламыз", - деп сендірді министр.
Сондай-ақ ол Атырау мұнай өңдеу зауытын жөндеу жоспарланып отырғанын, осыған байланысты отандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерінің тұрақты өндірісін жоспарлау, сондай-ақ импорттың қажетті көлемін қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
Найзағай, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2023
Дизель құйылған резервуарға найзағай түсті
Жаңалықтар
0