https://sputnik.kz/20230514/dizel-quyylgan-rezervuarga-nayzagay-tusti-34869943.html
Дизель құйылған резервуарға найзағай түсті
Дизель құйылған резервуарға найзағай түсті
Sputnik Қазақстан
Найзағай түскеннен кейін жер асты жанармай қоймасынан түтін көтерілді 14.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-14T13:32+0500
2023-05-14T13:32+0500
2023-05-14T13:32+0500
жанармай
найзағай
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0f/26148128_0:49:1280:769_1920x0_80_0_0_d6b7337826799bb5314c2462c0a569fe.jpg
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Шымкенттің жанар-жағармай құю бекеттерінің біріндегі жер асты дизель отыны қоймасына найзағай түсіп, өрт сөндірушілер оқиға орнына шақырылды, деп хабарлады Otyrar.kz."Тұран" ауданындағы оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалпы сыйымдылығы 23 тонна жанармай құю станциясындағы резервуардан түтін көтеріліп жатқанын анықтады. Жанармай сақтауға арналған жер асты қоймада 11 тонна дизель отыны болған."Ашық от болған жоқ. Дизель отынының тұтануына жол бермеу үшін көбік құйылып, цистерна салқындатылды", - деп хабарлады Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті.Өрт сөндірушілер резервуарды қысқа мерзімде – 15 минуттан аз уақыт ішінде қауіпсіздендірді. Оқиға орнында Шымкент қалалық өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 13 адам мен 2 техника жұмыс істеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0f/26148128_96:0:1185:817_1920x0_80_0_0_687c478494174ae1bd354be00f96042c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жанармай, найзағай
Дизель құйылған резервуарға найзағай түсті
Найзағай түскеннен кейін жер асты жанармай қоймасынан түтін көтерілді
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Шымкенттің жанар-жағармай құю бекеттерінің біріндегі жер асты дизель отыны қоймасына найзағай түсіп, өрт сөндірушілер оқиға орнына шақырылды, деп хабарлады
Otyrar.kz. "Тұран" ауданындағы оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалпы сыйымдылығы 23 тонна жанармай құю станциясындағы резервуардан түтін көтеріліп жатқанын анықтады. Жанармай сақтауға арналған жер асты қоймада 11 тонна дизель отыны болған.
"Ашық от болған жоқ. Дизель отынының тұтануына жол бермеу үшін көбік құйылып, цистерна салқындатылды", - деп хабарлады Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндірушілер резервуарды қысқа мерзімде – 15 минуттан аз уақыт ішінде қауіпсіздендірді. Оқиға орнында Шымкент қалалық өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 13 адам мен 2 техника жұмыс істеді.