Өңірлер

Ақтөбе облысында 670 мың га жерді шегіртке жайлап кетті

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуШегіртке
Шегіртке - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Ақтөбе облысын шегіртке жайлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ауыл шаруашылығы саласының мамандары аймақты шегірткенің екі түрі жайлағанын айтады.
"Облыс аумағында 669 015 гектар жерде шегірткенің екі табын түрі таралған: италиялық прус және азиялық шегіртке. Италиялық прус - 647 145 га, азиялық - 21 870 га жерде қаптап кетті", - - дейді АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Дастан Сағыров.
Италиялық прус алты ауданның аумағында бар:
Әйтеке би ауданында 444350 га,
Ырғыз ауданында 106 825,
Ойылда 7700 га,
Хромтау ауданында 20550 га,
Темір ауданының аумағында 1320 га,
ал Шалқар ауданында 66400 гектар жерді жайлаған.
Инспекция басшысының айтуынша, шегіртке өзге аймақтан келген жоқ, бұл аймақ олардың тұрақты таралу мекені.
"Көпжылдық бақылау жасалды. Былтыр біздің қызметкерлер шегірткенің жұмыртқа салу және көбею кезеңі биыл болатынын болжады. Қазір шегірткеге қарсы химиялық өңдеу қауіп төнетін барлық аудандарда жүргізіліп жатыр. Егіс алқаптарына қауіп жоқ", - дейді Дастан Сағыров.
Зерттеушілер егіс алқаптарына үздіксіз мониторинг жүргізіп жатыр дейді ауыл шаруашылығы саласының мамандары.
Егіс науқаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2023
Егіс науқанына 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді
Жаңалықтар
0