Өңірлер

АҚШ азаматынан Бурабайдағы клиника ғимараты мен "Лексус" тәркіленді

© Sputnik / Ирина СемибратоваАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2023
Жазылу
Күдікті әйелге халықаралық іздеу жарияланды
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Ақмола облысының арнайы прокурорлары Қазақстан пайдасына АҚШ азаматы Г.Ю.А.-ның мүлкін өндіріп алды.
Тергеу барысында Бурабай жағалауында орналасқан жер учаскесі бар жеке клиниканың жаңа ғимараты мен "Лексус" маркалы автокөліктің заңсыз сатып алынғаны анықталды.
"Клиникалар желісінің иесі болған кезде Г.Ю.А. денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларымен бірігіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты аясында ескі медициналық жабдықты жаңа ретінде жеткізіп, 1 167 513 600 теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Медициналық жабдықтардың бір бөлігі жұмыс істемейтіні анықталды", - деп хабарлайды Ақмола облыстық прокуратурасы.
Кейіннен АҚШ азаматы осы ақшаға жаңа емхана ғимаратын 890 млн теңгеге салып, оны мемлекетке 4,5 млрд теңгеге сатуға тырысқан.
Әйел 2021 жылғы сәуірде қылмыстық іс тіркелгенге дейін Қазақстан шекарасынан өтіп кеткен.
"Осыған байланысты оған сырттай қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған халықаралық іздеу жарияланды", - дейді прокуратурадағылар.
Ақмола облыстық сотының 2023 жылғы 2 маусымдағы қаулысымен жоғарыда аталған мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді. Қаулы заңды күшіне енді.
Ал Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшыларын айыптау бойынша негізгі қылмыстық іс сотта жатыр. Күдіктілер қамауда отыр.
Айта кетері, Ақмола облысының арнайы прокурорлары республика бойынша алғаш рет үкім шығарғанға дейін халықаралық іздеуде жүрген адамның мүлкін сотқа дейінгі тәркілеу тетігін қолданды.
Генеральная прокуратура РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2023
Қазақстанға 760 млрд теңгенің активтері қайтарылды – Бас прокуратура
Жаңалықтар
0