Қазақстанға 760 млрд теңгенің активтері қайтарылды – Бас прокуратура

© SputnikГенеральная прокуратура РК
Генеральная прокуратура РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Мемлекетке 760 млрд теңгеден астам соманың активтері қайтарылды, деп мәлімдеді Бас прокурор Берік Асылов ведомствоаралық комиссияның отырысында.
"Тұтастай алғанда, бүгінгі таңда мемлекетке ортақ күш-жігермен 760 млрд теңгеден астам сомаға активтер қайтарылды, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 млн доллар. Жоғарғы сот бұрын негізсіз олигополия субъектілерінің пайдасына шығарылған шешімдерге қатысты Бас прокурордың 24 наразылығын қанағаттандырды", - дейді Бас прокурор.
Мысалы, сот Алматы ауыр машина жасау зауытының 31% акциясын жекешелендіруді заңсыз деп таныды. Жоғарғы соттың қаулысымен астаналық "Думан" қонақ үй кешенінің иелерінен 1,3 млрд теңге өндірілді.
Бұдан бөлек, соттар заңсыз сатылған мемлекеттік мүлікті қайтару туралы ондаған талаптарды қанағаттандырды. Олардың ішінде өндірістік нысандар, базарлар, коммерциялық үй-жайлар, элиталық учаскелер және т.б. бар.
"Сот шешімімен Атырау мұнай өңдеу зауыты меншігіне Атырау қаласындағы сұйытылған мұнай газды сақтау паркінің 50% үлесі қайтарылды. Құқық қорғау органдары қылмыстық істер шеңберінде жалпы сомасы 620 млрд теңгеге активтерді қайтарды, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 млн доллар. Басқа мемлекеттерге құқықтық көмек көрсету туралы 100-ден астам сұрау хат жолданды. Олар бойынша 100 млн АҚШ долларынан асатын мүлікке тыйым салынды", - дейді Берік Асылов.
Комиссия отырысанан мәлдім болғандай, қаржы министрлігі қаржы-өнеркәсіп топтарының кәсіпорындарынан қосымша 100 млрд теңгеден астам салық өндіріп алды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі қаржы-өнеркәсіп топтарының компанияларына 7 млрд теңгеге жуық айыппұл салды, ал бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 4 млрд теңгеге санкциялар қолданды.
Бұрын негізсіз берілген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған 460 мың гектардан астам жер қайтарылды. Сондай-ақ нарықтық бағасынан 4 есе төмен бағамен сатып алынған Алматы әуежайының 17 коммерциялық үй-жайлары мемлекетке қайтарылды.
жер телімі - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2023
Өңірлер
172 миллион теңге: Петропавлда заңсыз берілген жер телімі мемлекетке қайтарылды
Жаңалықтар
0