Байқоңырда балаға қатыгездік танытқан әйел 40 тәулікке қамалуы мүмкін

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка закрывает лицо руками, архивное фото
Девушка закрывает лицо руками, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Байқоңыр қаласының тұрғыны ата-ана міндетін дұрыс орындамағаны және ұлына қатыгездік көрсеткені үшін жауапқа тартылады.
"45 жастағы әйел тоғыз жасар баланың анасы бола тұра бірнеше ай бойы оны тәрбиелеуге байланысты ата-ана міндетін дұрыс орындамағаны анықталды. Ол баланың тұратын орнында қарапайым гигиеналық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпеген, оның физикалық, психикалық және моральдық дамуына тиісті көңіл бөлмеген және оған қатыгездік көрсеткен", - деп хабарлады "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы.
Қала құрамындағы ғарыш айлағы мен қаланы жалға алу шартына байланысты Байқоңыр Ресей Федерациясының құзыретінде болғандықтан Ресей Федерациясында мұндай әрекет Қылмыстық кодекстің 156-бабы "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау және бұл әрекеттің қатыгездікпен үйлесуі" бойынша қарастырылады.
Сондықтан жергілікті құқық қорғау органдары әйелге қатысты осы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Бірақ бұл жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады және кешен прокуроры оған қатысты қылмыстық істі одан әрі қылмыстық қудалау үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарына жолдады", - деп нақтылады "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны, оған қатыгездік көрсеткені үшін қырық тәулікке қамауға алу түріндегі ең жоғары жаза көзделген.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2023
Үш жасар баланы өлтірген күтуші қызға қатысты сот үкімі шықты
Жаңалықтар
0