Вейпке тыйым салу мәселесі талқыланып жатыр – вице-министр

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қазақстандағы оқушылардың 10%-ы түрлі темекі өнімдерін тұтынады.
Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің айтуынша, темекіге қызығушылық әсіресе 13 пен 15 жастағы жасөспірімдерде қатты байқалады. Сондықтан вейпке тыйым салу мәселесі қазір қызу талқыланып жатыр екен. Бұл туралы Almaty.tv телеарнасы хабарлады.
"Біздің министрлік заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өздеріңіз білетіндей, Үкімет темекі өнімдеріне қатысты акциздер мәселесін қарастырып жатыр. Сондай-ақ елімізде вейпке тыйым салу мәселесі де талқылануда", – деді денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2023
Қоғам
Қазақстанда темекі мен вейптер қымбаттады
Жаңалықтар
0