https://sputnik.kz/20230601/qyzylorda-oblysynda-qarasorany-garyshtan-anyqtay-bastady-35510205.html
Қызылорда облысында қарасораны ғарыштан анықтай бастады - жаңа жоба қолға алынды
Қызылорда облысында қарасораны ғарыштан анықтай бастады - жаңа жоба қолға алынды
Sputnik Қазақстан
Бұл жобаға құқық қорғау жүйесі, орман шаруашылығы, төтенше жағдайлар министрлігі, телекоммуникация саласындағы ондаған ұйым қосылды 01.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-01T13:24+0500
2023-06-01T13:24+0500
2023-06-01T13:24+0500
өңірлер
қызылорда облысы
есірткі
https://sputnik.kz/img/126/87/1268746_0:0:2866:1612_1920x0_80_0_0_3d43dbbf4ca07c8dd63255333ac35575.jpg
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Қызылорда облысында облыс прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірлеген "Есірткісіз аумақ" атты жаңа жоба қолға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Облыс прокуратурасы құрамына прокурорлар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, төтенше жағдайлар, телекоммуникация қызметкерлері кіретін жұмыс тобын құруды үйлестірді, деп хабарлады қадағалау органының баспасөз қызметі. Ведомство хабарлағандай, өңірде есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмыстары күшейтілген. Прокуратураның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, құрамында есірткі бар өсімдіктер егілген жасырын учаскелерді анықтау үшін барлық ұйымның техникалық және материалдық мүмкіндіктері пайдаланылды. Жұмыс тобының мүшелері заңсыз дақылдарды өсіруге ең қолайлы жағдай бар аумақтың ғарыштан түсірілген суреттерін мұқият зерттеді. Ақпаратқа сәйкес, адамдар тіпті өз аулаларында құрамында есірткі бар қарасора өсіретін болған. Ал кейбір ауылдық округ тұрғындары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүздеген есірткі жасайтын өсімдік еккен. "Мысалы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылдық округінің аумағында тыйым салынған 222 түп өсімдіктің егілгені анықталды", - деп хабарлады облыстық прокуратура өкілдері.
https://sputnik.kz/20220812/esirtkini-poshta-arqyly-zholdagan-shymkent-turgyny-bes-zhylga-sottaldy-26672434.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/126/87/1268746_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_b2e1d95cc74f046970b3628fbb7ea427.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, есірткі
қызылорда облысы, есірткі
Қызылорда облысында қарасораны ғарыштан анықтай бастады - жаңа жоба қолға алынды
Бұл жобаға құқық қорғау жүйесі, орман шаруашылығы, төтенше жағдайлар министрлігі, телекоммуникация саласындағы ондаған ұйым қосылды
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Қызылорда облысында облыс прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әзірлеген "Есірткісіз аумақ" атты жаңа жоба қолға алынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыс прокуратурасы құрамына прокурорлар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы, төтенше жағдайлар, телекоммуникация қызметкерлері кіретін жұмыс тобын құруды үйлестірді, деп хабарлады қадағалау органының баспасөз қызметі.
Ведомство хабарлағандай, өңірде есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмыстары күшейтілген.
Прокуратураның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, құрамында есірткі бар өсімдіктер егілген жасырын учаскелерді анықтау үшін барлық ұйымның техникалық және материалдық мүмкіндіктері пайдаланылды.
Жұмыс тобының мүшелері заңсыз дақылдарды өсіруге ең қолайлы жағдай бар аумақтың ғарыштан түсірілген суреттерін мұқият зерттеді.
"Прокуратура қызметкерлерінің жетекшілігімен жүргізілген кешенді жұмыс нәтижесінде жайылымдық жерлерде бірнеше есірткі плантациясы анықталды", - деп хабарлады облыс прокуратурасы.
Ақпаратқа сәйкес, адамдар тіпті өз аулаларында құрамында есірткі бар қарасора өсіретін болған. Ал кейбір ауылдық округ тұрғындары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүздеген есірткі жасайтын өсімдік еккен.
"Мысалы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылдық округінің аумағында тыйым салынған 222 түп өсімдіктің егілгені анықталды", - деп хабарлады облыстық прокуратура өкілдері.