https://sputnik.kz/20220812/esirtkini-poshta-arqyly-zholdagan-shymkent-turgyny-bes-zhylga-sottaldy-26672434.html
Есірткіні пошта арқылы жолдаған: Шымкент тұрғыны бес жылға сотталды
Есірткіні пошта арқылы жолдаған: Шымкент тұрғыны бес жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Мақсатын жүзеге асыру үшін есіртікіні пластмас майонез шелектерінің түбіне жасырған 12.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-12T20:05+0500
2022-08-12T20:05+0500
2022-08-12T20:05+0500
шымкент
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e5/02/0a/16253640_0:146:2015:1279_1920x0_80_0_0_972818ef6610cb48eb341fdf626227cd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Шымкентте есірткіні тергеудегі ағасына пошта арқылы жолдаған азамат 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы Абай аудандық соты есірткі тасымалдаған азаматқа қатысты үкім шығарды. 30 жастағы ер адам есірткі затын өткізумен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды. В. есімді азамат 2020 жылы желтоқсан айында жалпы салмағы 79,1 грамм кептірілген марихуананы тасымалдау мақсатында заңсыз сақтаған. Ол түзеу мекемесінде жазасын өтеп отырған ағасына жеткізу есірткі жеткізу үшін пошта қызметін пайдаланған. Мақсатын жүзеге асыру үшін есіртікіні пластмас майонез шелектерінің түбіне жасырған. Содан кейін ол кептірілген марихуана жасырынған пластмасса шелектерді Шымкент қаласындағы пошта бөлімшелерінің біріне әкеліп, Тараз қаласындағы ағасы отырған түзеу мекемесіне жолдаған. Дегенмен бұл есірткі заты дер кезінде түзеу мекемесінің қызметкерлерімен анықталып, тәркіленді. Шымкент қаласы Абай аудандық соты жергілікті тұрғынды Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігінде (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы үкім шығарды.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/0a/16253640_0:0:1705:1279_1920x0_80_0_0_8130a9c34aac1e65d666abfae5d8b668.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, есірткі
Есірткіні пошта арқылы жолдаған: Шымкент тұрғыны бес жылға сотталды
Мақсатын жүзеге асыру үшін есіртікіні пластмас майонез шелектерінің түбіне жасырған
НҰР-СҰЛТАН, 12 тамыз – Sputnik. Шымкентте есірткіні тергеудегі ағасына пошта арқылы жолдаған азамат 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Абай аудандық соты есірткі тасымалдаған азаматқа қатысты үкім шығарды. 30 жастағы ер адам есірткі затын өткізумен айналысқаны үшін кінәлі деп танылды.
В. есімді азамат 2020 жылы желтоқсан айында жалпы салмағы 79,1 грамм кептірілген марихуананы тасымалдау мақсатында заңсыз сақтаған.
Ол түзеу мекемесінде жазасын өтеп отырған ағасына жеткізу есірткі жеткізу үшін пошта қызметін пайдаланған. Мақсатын жүзеге асыру үшін есіртікіні пластмас майонез шелектерінің түбіне жасырған.
Содан кейін ол кептірілген марихуана жасырынған пластмасса шелектерді Шымкент қаласындағы пошта бөлімшелерінің біріне әкеліп, Тараз қаласындағы ағасы отырған түзеу мекемесіне жолдаған.
Дегенмен бұл есірткі заты дер кезінде түзеу мекемесінің қызметкерлерімен анықталып, тәркіленді.
Шымкент қаласы Абай аудандық соты жергілікті тұрғынды Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігінде (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындау туралы үкім шығарды.