https://sputnik.kz/20230601/karim-masimovtin-bauyryna-qatysty-is-unemi-keyinge-shegerilip-keledi--advokat-35543133.html
Кәрім Мәсімовтің бауырына қатысты іс үнемі кейінге шегеріліп келеді – адвокат
Кәрім Мәсімовтің бауырына қатысты іс үнемі кейінге шегеріліп келеді – адвокат
Sputnik Қазақстан
ПАВЛОДАР, 1 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған Павлодар облысы полициясының экс-басшысы Нұрлан Мәсімов, оның бұрынғы орынбасары Дамир... 01.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-01T16:36+0500
2023-06-01T16:36+0500
2023-06-01T16:36+0500
кәрім мәсімов
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26112031_0:274:720:679_1920x0_80_0_0_be903fe601c5c03b6a94f1fca1e66e7a.jpg
ПАВЛОДАР, 1 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған Павлодар облысы полициясының экс-басшысы Нұрлан Мәсімов, оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимов және кәсіпкер Евгений Евковичтің ісі үнемі кейінге шегеріліп келеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға адвокат Дмитрий Куряченко.Алқабилерқатысатын сотқабірінші болып Евгений Евкович келуі керек еді. Бірақ Нұрлан Мәсімовтің адвокаты Дмитрий Куряченконың айтуынша, антикор қызметкерлері Евковичті жоғары қан қысымымен ауруханаға жеткізген. Бұл ақпаратты Евковичтің адвокаты Гүлмира Қажиева айтқан. Сол себепті процесс кейінге қалдырылды.Содан кейін сот Мәсімовтен жауап ала бастады. Кейіннен жәбірленушінің өкілі анасының реанимацияға түскенін хабарлаған. Салдарынан сот тағы бір аптаға кейінге қалдырылды.Бүгін алқабилердің бірі ауруханаға түсіп, сот қайтадан ауыстырылды. Мәсімов тарапы мұндай ауысулар кездейсоқ емес деп санайды.Бұрын хабарланғандай, Нұрлан Мәсімов өзіне тағылған айыптың тек біреуін ғана мойындаған. Ол – шекарадан заңсыз өту."Қалған айыптауларды мен де, менің қорғалушым да негізсіз деп санаймыз. Ол Алакөл ауданындағы ағаш үй үшін, сондай-ақ өз үйін жөндеу үшін ақшаны өзі төлегенін көрсетті. Айтпақшы, айыптаудан бұрын жауап алынған 69 куәгердің ешқайсысы Мәсімовтің мемлекеттік қаражатты ұрлауға қатысқанын көрсеткен жоқ", - деді адвокат Дмитрий Куряченко.Нұрлан Мәсімов – Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы. Ол – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.
https://sputnik.kz/20230424/masimov-18-zhylga-sottaldy-34254859.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0d/26112031_0:290:720:830_1920x0_80_0_0_cb617f3e9f53aaf8d17f183bfa4acd2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәрім мәсімов
Кәрім Мәсімовтің бауырына қатысты іс үнемі кейінге шегеріліп келеді – адвокат
ПАВЛОДАР, 1 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған Павлодар облысы полициясының экс-басшысы Нұрлан Мәсімов, оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимов және кәсіпкер Евгений Евковичтің ісі үнемі кейінге шегеріліп келеді, деп хабарлады
Sputnik Қазақстанға адвокат Дмитрий Куряченко.
Алқабилерқатысатын сотқабірінші болып Евгений Евкович келуі керек еді. Бірақ Нұрлан Мәсімовтің адвокаты Дмитрий Куряченконың айтуынша, антикор қызметкерлері Евковичті жоғары қан қысымымен ауруханаға жеткізген. Бұл ақпаратты Евковичтің адвокаты Гүлмира Қажиева айтқан. Сол себепті процесс кейінге қалдырылды.
Содан кейін сот Мәсімовтен жауап ала бастады. Кейіннен жәбірленушінің өкілі анасының реанимацияға түскенін хабарлаған. Салдарынан сот тағы бір аптаға кейінге қалдырылды.
Бүгін алқабилердің бірі ауруханаға түсіп, сот қайтадан ауыстырылды. Мәсімов тарапы мұндай ауысулар кездейсоқ емес деп санайды.
Бұрын хабарланғандай, Нұрлан Мәсімов өзіне тағылған айыптың тек біреуін ғана мойындаған. Ол – шекарадан заңсыз өту.
"Қалған айыптауларды мен де, менің қорғалушым да негізсіз деп санаймыз. Ол Алакөл ауданындағы ағаш үй үшін, сондай-ақ өз үйін жөндеу үшін ақшаны өзі төлегенін көрсетті. Айтпақшы, айыптаудан бұрын жауап алынған 69 куәгердің ешқайсысы Мәсімовтің мемлекеттік қаражатты ұрлауға қатысқанын көрсеткен жоқ", - деді адвокат Дмитрий Куряченко.
Нұрлан Мәсімов – Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы. Ол – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.