https://sputnik.kz/20230424/masimov-18-zhylga-sottaldy-34254859.html
Мәсімовке сот үкімі шықты
Мәсімовке сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Мемлекет пайдасына 10 миллиард теңгеден және 24 миллион АҚШ долларынан астам қаражат өндірілді 24.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-24T17:38+0500
2023-04-24T17:38+0500
2023-04-28T16:01+0500
кәрім мәсімов
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/1263/73/12637379_0:130:3179:1918_1920x0_80_0_0_1c68c721f6e05cd1302e7b341845d22c.jpg
АСТАНА, 24 сәуір - Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасына үкім шықты. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімовке (ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы), орынбасарлары болған Садықұлов, Ерғожин, Өсіповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім олардың қатысуымен жарияланды. Сот істі "өте құпия" деген белгімен қарады. Тергеу айыптауы Мәсімов пен Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), билікті күшпен басып алуға оқталды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) деп айыпталды. Ерғожинге билікті күшпен басып алмақ болды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды деген (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы), ал Өсіповке билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды деген айып тағылды (ҚК 362-бабының 3-бөлігі). Сот шешімі Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Садықұлов Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды. Ерғожин Қылмыстық кодекстің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды. Өсіпов Қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. К.Мәсімов, А.Садықұлов, Д.Ерғожин және М.Өсіпов генерал атақтарынан және мемлекеттік наградалардан айырылды. Мемлекет кірісіне 10 миллиард теңге және 24 миллион АҚШ долларынан астам қаржы өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20221120/nazarbaev-masimov-turaly-isa-paygambar-da-iudanyn-satqyn-ekenin-bilmegen-29529952.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1263/73/12637379_224:0:2955:2048_1920x0_80_0_0_df5529affc313251b5a15d8a6773e5f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәрім мәсімов
Мәсімовке сот үкімі шықты
17:38 24.04.2023 (жаңартылды: 16:01 28.04.2023) Мемлекет пайдасына 10 миллиард теңгеден және 24 миллион АҚШ долларынан астам қаражат өндірілді
АСТАНА, 24 сәуір - Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасына үкім шықты. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімовке (ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы), орынбасарлары болған Садықұлов, Ерғожин, Өсіповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім олардың қатысуымен жарияланды. Сот істі "өте құпия" деген белгімен қарады.
Мәсімов пен Садықұлов мемлекетке опасыздық жасады (ҚК 175-бабының 1-бөлігі), билікті күшпен басып алуға оқталды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы) деп айыпталды.
Ерғожинге билікті күшпен басып алмақ болды (ҚК 179-бабының 3-бөлігі) және билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды деген (ҚК 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы), ал Өсіповке билік пен лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды деген айып тағылды (ҚК 362-бабының 3-бөлігі).
Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Садықұлов Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.
Ерғожин Қылмыстық кодекстің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.
Өсіпов Қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
К.Мәсімов, А.Садықұлов, Д.Ерғожин және М.Өсіпов генерал атақтарынан және мемлекеттік наградалардан айырылды.
Мемлекет кірісіне 10 миллиард теңге және 24 миллион АҚШ долларынан астам қаржы өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.