Қоғам

Назарбаев Мәсімов туралы: Иса пайғамбар да Иуданың сатқын екенін білмеген

© АкордаНурсултан Назарбаев и Карим Масимов
Нурсултан Назарбаев и Карим Масимов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК бұрынғы басшысы Мәсімовтың ісіне қатысты пікір білдірді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Назарбаев Астанадағы №393 сайлау учаскесінде дауыс берді. Сол кезде журналистер одан Мәсімовтың ісіне қатысты ойын сұрады.
Назарбаев та тергеудің соңын күтіп жүргенін атап өтті.
"Оның арғы жағында кімнің тұрғаны қатты білгім келіп отыр. Мен де соттың тергеуін қатты күтіп отырмын. Не себеп болды? Арғы жағында кім тұр? Мәсімов біраз жыл менімен бірге жұмыс істеді. Бірақ қайдан білесің, Иса пайғамбар да жанында отырған Иуданың сатқын екенін білмеген ғой. Күте тұрайық, соттың аяқталғанын күтейік, сол кезде бәрін білеміз", - деді Назарбаев.
Тілшілер Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот шешімі қаншалықты әділ болғанын да сұрады.
"Соттың шешімі әділ деп ойлау керек, әділ болмаса, оған сенбеген адам қарсы болып, арызын беруі керек. Қайда барғанда да сот жүйесі шешеді", - деп атап көрсетті Назарбаев.
Жаңалықтар
0