Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

© Photo : Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіАқтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 маусым - Sputnik. Ақтөбе облысының Самара - Шымкент автожолында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 1 маусымда Самара-Шымкент автожолының 594 километрінде болған. 27 жастағы "Лада Ларгус" автокөлігінің жүргізушісі "DAF" жүк көлігімен соқтығысқан.
"Апат салдарынан "Лада Ларгус" автокөлігінің үш жолаушысы оқиға орнында қайтыс болып, төртеуі түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жатқызылды"- деп хабаралы ведомство.
Полиция департаменті жол қателікті кешірмейтінін еске салып, жол қозғалысына қатысушыларды жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2023
Петропавлда көлік аялдамаға соғылды: ауруханаға түскен бір адамның жағдайы ауыр
Жаңалықтар
0