https://sputnik.kz/20230526/petropavlda-kolik-ayaldamaga-sogyldy-aurukhanaga-tusken-bir-adamnyn-zhagdayy-auyr-35334021.html
Петропавлда көлік аялдамаға соғылды: ауруханаға түскен бір адамның жағдайы ауыр
Петропавлда көлік аялдамаға соғылды: ауруханаға түскен бір адамның жағдайы ауыр
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Петропавлда аялдамада жарақат алғандар бір адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 26.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-26T21:01+0500
2023-05-26T21:01+0500
2023-05-26T21:01+0500
петропавл
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_63387d25cc6438beadf8472da9c5d733.jpg
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Петропавлда аялдамада жарақат алғандар бір адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Жедел жәрдем бригадаларының қызметкерлері түрлі медициналық мекемелерге зардап шеккен үш адамды жеткізген. Зардап шеккен әйелдердің бірі облыстық ауруханаға жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, бір науқастың жағдайы ауыр. Ал зардап шеккендердің бірі - ер адамға дәрігерлер жабық ми жарақаты мен мидың шайқалуы деген диагнозын қойды. "Тағы бір науқаста аяғының төмен жағы сынған, бұл орташа ауырлық дәрежесі. Көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Тағы екі науқас жеңіл жараланған. Олар ауруханада жатудан бас тартқан."Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны Жамбыл көшесінде "Honda Fit" маркалы көлік құралын басқарып келе жатып, жолаушылар тасымалдайтын "Lifan" маршруттық автобусымен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан "Honda Fit" автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, Жамбыл көшесіндегі аялдама павильонына барып соғылған. Аялдамада жолаушылар тұрған. Жүргізушілер медициналық тексеруден өтті, екі жүргізуші де мас емес", - дейді полициядағылар.Қазіргі күні ҚК 345-бабының 2-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар жасалады. Естеріңізге сала кетейік, 26 мамырда Петропавлда автобус адамдар тұрған аялдамаға кіріп кетті.
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748099_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_c977060f657357e3c337c7b8ec60e015.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Петропавлда аялдамада жарақат алғандар бір адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жедел жәрдем бригадаларының қызметкерлері түрлі медициналық мекемелерге зардап шеккен үш адамды жеткізген. Зардап шеккен әйелдердің бірі облыстық ауруханаға жатқызылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, бір науқастың жағдайы ауыр.
"Әйелдің миы шайқалған, бас сүйегі сынған. Жағдайы ауыр, көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Ал зардап шеккендердің бірі - ер адамға дәрігерлер жабық ми жарақаты мен мидың шайқалуы деген диагнозын қойды.
"Тағы бір науқаста аяғының төмен жағы сынған, бұл орташа ауырлық дәрежесі. Көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Тағы екі науқас жеңіл жараланған. Олар ауруханада жатудан бас тартқан.
"Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны Жамбыл көшесінде "Honda Fit" маркалы көлік құралын басқарып келе жатып, жолаушылар тасымалдайтын "Lifan" маршруттық автобусымен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан "Honda Fit" автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, Жамбыл көшесіндегі аялдама павильонына барып соғылған. Аялдамада жолаушылар тұрған. Жүргізушілер медициналық тексеруден өтті, екі жүргізуші де мас емес", - дейді полициядағылар.
Қазіргі күні ҚК 345-бабының 2-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар жасалады.
Естеріңізге сала кетейік, 26 мамырда Петропавлда
автобус адамдар тұрған аялдамаға кіріп кетті.