Жалған түбіртек берген: Алматы облысында энергиямен қамту мекемесінің қызметкері сотталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 мамыр - Sputnik. Алматы облысында энергиямен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкері төрт жыл бойы ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырған, деп хабарлайды қаржы мониторингі агенттігі.
Ол 2019 жылдан 2022 жылға дейін, өкілеттігі болмаса да, Алматы облысының Қараой, Қуат және Өтеген батыр ауылдарының тұрғындарына жалған түбіртектер беру арқылы, энергия тұтынғаны үшін төлем алып, түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

"Өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін ол деректер базасына әріптестерінің логиндері мен парольдерін пайдалана отырып, жалған мәліметтер енгізген. Сотқа дейінгі тергеу барысында агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті аталған ауылдардың 150-ден астам тұрғындарын электр энергиясынан ажыратуға жол бермеуге сондай-ақ 16 млн теңгеге жуық сомадағы залалды өтеуге шара қолданды", - делінген хабарламада.

"АлматыЭнергоСбыт" ЖШС жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі инженері сотпен алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5-жылға бас бостандығынан айырылды.
Полицей  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2023
Жемқорлық үшін сотталған әрбір төртінші адам – ішкі істер органдарының қызметкері
Жаңалықтар
0