https://sputnik.kz/20230515/zhemqorlyq-ushin-sottalgan-arbir-tortinshi-adam--ishki-ister-organdarynyn-qyzmetkeri-34887630.html
Жемқорлық үшін сотталған әрбір төртінші адам – ішкі істер органдарының қызметкері
Жемқорлық үшін сотталған әрбір төртінші адам – ішкі істер органдарының қызметкері
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотқа тартылған әрбір төртінші адам — ішкі істер органдарының қызметкері, деп хабарлады... 15.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-15T11:04+0500
2023-05-15T11:04+0500
2023-05-15T11:04+0500
сыбайлас жемқорлық
ішкі істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотқа тартылған әрбір төртінші адам — ішкі істер органдарының қызметкері, деп хабарлады finprom.kz порталы.Сыбайлас жемқорлық жасауда көш бастап тұрған Астана қаласы: үш айда 64 адам, өткен жылмен салыстырғанда 14,3%-ке артқан.Сондай-ақ Алматы (55 адам) мен Түркістан облыстары да "үздік" үштіктің қатарына енді (37 адам). Шымкентте – 29, Ақтөбе облысында – 27 адам жемқорлық жасады деген күдікке ілінген.Парақоры ең аз өңірлер – Ұлытау және Абай облыстары (әр өңірде 2 адамнан), сондай-ақ Павлодар (6 адам) және Қызылорда облыстары (8 адам).Ал сыбайлас жемқорлық қылмыстарына күдіктілер саны 8%-ке азайыпты.Былтыр дәл осы кезеңде осындай қылмыс жасаған 339 адам анықталып, сот алдында 234 айыпталушы жауапқа тартылды.Биыл жемқорлық жасады деген 414 күдіктінің 16-сы аса ауыр баптарға енген. Ал 307-сі ауыр баптарға, 88-і орташа ауырлыққа, 3-уі ауырлығы төмен баптарға жатқызылған.Күдікке ілінгендердің 155-сі пара бергендер, 124-і пара алғандар, 58 адам сыбайлас жемқорлық алаяқтық жасады, 19 адам сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденді немесе ысырап етті, 18 адам лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотқа тартылған адамдардың көпшілігі, яғни 26,1% ішкі істер органдарының қызметкерлері: 61 адам, сотқа ісі кеткендердің арасында әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің мамандары да көп (39 адам). Бұл қара тізімде қаржы министрлігі (7 адам), индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (6 адам), сондай-ақ ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері (4 адам) бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық, ішкі істер министрлігі
сыбайлас жемқорлық, ішкі істер министрлігі
АСТАНА, 15 мамыр – Sputnik. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотқа тартылған әрбір төртінші адам — ішкі істер органдарының қызметкері, деп хабарлады
finprom.kz порталы.
Сыбайлас жемқорлық жасауда көш бастап тұрған Астана қаласы: үш айда 64 адам, өткен жылмен салыстырғанда 14,3%-ке артқан.
Сондай-ақ Алматы (55 адам) мен Түркістан облыстары да "үздік" үштіктің қатарына енді (37 адам). Шымкентте – 29, Ақтөбе облысында – 27 адам жемқорлық жасады деген күдікке ілінген.
Парақоры ең аз өңірлер – Ұлытау және Абай облыстары (әр өңірде 2 адамнан), сондай-ақ Павлодар (6 адам) және Қызылорда облыстары (8 адам).
Ал сыбайлас жемқорлық қылмыстарына күдіктілер саны 8%-ке азайыпты.
"Биыл үш айда республикада жемқорлықпен айналысты деген күдікпен 414 адам ұсталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8%-ке аз. Оларға қатысты күдікті деп тану туралы қаулылар шығарылды. Былтыр дәл осындай үш айда күдіктілер саны 450 адам болған, бұл 2021 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 13,6%-ке аз", - дейді finprom.kz.
Былтыр дәл осы кезеңде осындай қылмыс жасаған 339 адам анықталып, сот алдында 234 айыпталушы жауапқа тартылды.
Биыл жемқорлық жасады деген 414 күдіктінің 16-сы аса ауыр баптарға енген. Ал 307-сі ауыр баптарға, 88-і орташа ауырлыққа, 3-уі ауырлығы төмен баптарға жатқызылған.
Күдікке ілінгендердің 155-сі пара бергендер, 124-і пара алғандар, 58 адам сыбайлас жемқорлық алаяқтық жасады, 19 адам сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденді немесе ысырап етті, 18 адам лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотқа тартылған адамдардың көпшілігі, яғни 26,1% ішкі істер органдарының қызметкерлері: 61 адам, сотқа ісі кеткендердің арасында әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің мамандары да көп (39 адам). Бұл қара тізімде қаржы министрлігі (7 адам), индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (6 адам), сондай-ақ ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері (4 адам) бар.