https://sputnik.kz/20230530/qazaqstandyqtar-zeynetaqy-zhinaqtarynyn-50-in-zheke-investitsiyalyq-kompaniyalarga-bere-alady-35420978.html
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 50%-ін жеке инвестициялық компанияларға бере алады
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 50%-ін жеке инвестициялық компанияларға бере алады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 30 мамыр – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары зейнетақы жинақтарының 50%-ін жеке инвестициялық компанияларға бере алады, деп... 30.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-30T10:22+0500
2023-05-30T10:22+0500
2023-08-11T11:40+0500
инвестиция
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_90:0:3354:1836_1920x0_80_0_0_77b28d6e8451d3ecc8f7359776f60c4b.jpg
АЛМАТЫ, 30 мамыр – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары зейнетақы жинақтарының 50%-ін жеке инвестициялық компанияларға бере алады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Бұл жоба биыл 1 шілдеден бастап жүзеге асады. Салымшыларға өзінің зейнетақы жинақтарының 50%-ін өз таңдауымен жеке басқарушы инвестициялық компанияларға беру құқығы беріледі. Бұл азаматтарға зейнетақы активтерін басқаруға қатысуға, өздерінің зейнетақы жоспарын құруға, жинақтарын инвестициялаудың балама саясатын таңдауға мүмкіндік береді.Министрліктің айтуынша, зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру кезінде әртүрлі инвестициялық стратегияларды пайдалану, неғұрлым жоғары инвестициялық табыстылықты алуға және тиісінше зейнетақы жинақтарының ұлғаюына ықпал ететін болады.Инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ), яғни инвестициялық компанияға берілген зейнетақы жинақтарына сол ИБП жауапты болады."Жыл қорытындысы бойынша ИПБ алған номиналды табыс пен зейнетақы активтері табыстылығының ең төменгі мәні арасындағы теріс айырма туындаған жағдайда осы басқарушы компания аталған айырманы салымшыға өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы БЖЗҚ-ға жүгінуі қажет", - дейді министрлік.
https://sputnik.kz/20230529/eynetaqy-zhinagy-baspana-satyp-alu-35376457.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_498:0:2946:1836_1920x0_80_0_0_383a2b63eee2b14fea17a76b7431065d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инвестиция, зейнетақы
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 50%-ін жеке инвестициялық компанияларға бере алады
10:22 30.05.2023 (жаңартылды: 11:40 11.08.2023) АЛМАТЫ, 30 мамыр – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары зейнетақы жинақтарының 50%-ін жеке инвестициялық компанияларға бере алады, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл жоба биыл 1 шілдеден бастап жүзеге асады. Салымшыларға өзінің зейнетақы жинақтарының 50%-ін өз таңдауымен жеке басқарушы инвестициялық компанияларға беру құқығы беріледі. Бұл азаматтарға зейнетақы активтерін басқаруға қатысуға, өздерінің зейнетақы жоспарын құруға, жинақтарын инвестициялаудың балама саясатын таңдауға мүмкіндік береді.
Министрліктің айтуынша, зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру кезінде әртүрлі инвестициялық стратегияларды пайдалану, неғұрлым жоғары инвестициялық табыстылықты алуға және тиісінше зейнетақы жинақтарының ұлғаюына ықпал ететін болады.
"Салымшы жеке басқарушы компанияға аударған зейнетақы жинақтарын Ұлттық Банктің, яғни БЖЗҚ-ның басқаруына қайта қайтаруға құқығы бар. Мемлекет Ұлттық Банктің басқаратын, яғни БЖЗҚ-дағы жинақтар бойынша ғана зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді", - дейді ведомство.
Инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ), яғни инвестициялық компанияға берілген зейнетақы жинақтарына сол ИБП жауапты болады.
"Жыл қорытындысы бойынша ИПБ алған номиналды табыс пен зейнетақы активтері табыстылығының ең төменгі мәні арасындағы теріс айырма туындаған жағдайда осы басқарушы компания аталған айырманы салымшыға өз қаражаты есебінен өтеуге міндетті. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы БЖЗҚ-ға жүгінуі қажет", - дейді министрлік.