Қоғам

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққандар зейнетақы жинағын баспанаға жұмсай алады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Биыл 1 шілдеден бастап еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатын қазақстандықтар зейнетақы жинағын баспана сатып алуға немесе емделуге пайдалана алады.
Мұндай жаңашылдық Әлеуметтік кодекс аясында енгізіледі.
"2023 жылғы 1 шілдеден бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинағы бар еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге зейнетақы жинағының барлық сомасын пайдалану құқығы беріледі", - деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл норма жұмыс істейтін азаматтарды да, зейнеткерлерді де қамтиды.
Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетке шыққандар www.enpf-otbasy.kz интернет-платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсартуға біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін Отбасы банкіне немесе екінші деңгейлі банктерге жүгіне алады.
Ал емделу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін алу үшін www.enpf-otbasy.kz арқылы Отбасы банкіне өтініш беру қажет.
Айта кетері, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне және тағы басқа азаматтарға төленеді.
Еске салсақ, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін баспана сатып алуға немесе емделуге пайдалануға рұқсат етілді.
Мұндай құқықты мына санаттар пайдалана алады:
БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар жұмыс істейтін азаматтар. Олар "төменгі жеткіліктілік шегінен" асатын соманың бір бөлігін жұмсай алады;
зейнетақысы бұрын алған жалақысының кемінде 40%-ін құрайтын зейнеткерлер. БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының 50%-ін пайдалануға рұқсат етіледі;
зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және әлі де жинақтары бар азаматтар – БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде пайдалана алады.
Деньги, тенге монеты купюры  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2023
1 шілдеден бастап бірқатар әлеуметтік төлем мөлшері өседі
Жаңалықтар
0