https://sputnik.kz/20230530/ministr-astana-auezhayynyn-infraqurylymy-zhayly-zhay-kuyi-ote-qiyn-35419879.html
Министр Астана әуежайының инфрақұрылымы жайлы: жай-күйі өте қиын
Министр Астана әуежайының инфрақұрылымы жайлы: жай-күйі өте қиын
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев ұшу-қону жолағы жөндеуді талап ететін әуежайлар туралы айтты, деп... 30.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-30T09:58+0500
2023-05-30T09:58+0500
2023-05-30T09:58+0500
әуежай
астана
https://sputnik.kz/img/257/02/2570239_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_973c9e2b71eb03e480b59faf16290436.jpg
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев ұшу-қону жолағы жөндеуді талап ететін әуежайлар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, аэродром жабындарының нашар жағдайы ұшу қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін және дамуды тежейтін фактор болып тұр.Осыған байланысты "Астана қаласы әуежайының инфрақұрылымын күрделі жөндеу және жаңғырту" жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Бюджеттік өтінімді қалыптастыру үшін құжаттамалар дайындалуда.Индустрия министрлігінің мәліметінше, I кезең бойынша жобаның құны – 11,5 млрд теңге, ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу; II кезең бойынша жобаның құны 8,8 млрд теңге – рульдеу жолағын күрделі жөндеу, магистральдық рульдеу жолағы, әуеайлақтың су-дренаж жүйесі."Осы жұмысты жеделдету үшін қазіргі уақытта қаржы министрлігімен пысықтап жатырмыз", - деп сендірді министр.Сондай-ақ Қарабаев Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысы созылып кеткенін айтты. Пайдалануға беру мерзімі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген болатын."Алайда сот ісіне және жер учаскесін уақтылы бөлмеуге байланысты бірқатар себептермен құрылыс процесі 4 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Әлихан Асханұлы (премьер-министр) бұл мәселе сіздің Шымкент қаласына жұмыс сапарыңыз барысында да көтерілді. Шымкент әкімдігі биыл жобаны аяқтау бойынша барлық қажетті шараны қабылдауы қажет, атап айтқанда, бағалау сараптамасын жүргізіп, жер учаскесін беру рәсімдерін жеделдетуге тиіс", деді ведомство басшысы.Бұдан бөлек, Қарабаев аэродром маңындағы аумақтардағы заңсыз құрылысқа тоқталды.Бас прокуратураның тексерісі барысында әуежайлардың санитарлық-қорғау аймағының шекарасында жергілікті атқарушы органдар 1 200-ге жуық учаске (тұрғын үй, коммерциялық және басқа да объектілерді салу үшін) бергені анықталды, оларда 900-дан астам ғимарат салынған.Сондай-ақ, аэродром маңындағы аумақтарда әуежай комиссияларының келісімінсіз 100 мыңнан астам түрлі объектіні салу фактілері бар."Заңсыз құрылыс салу бойынша неғұрлым күрделі жағдай Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтөбе қалаларында байқалады", дейді министр.Осыған байланысты аэродром маңы аумақтарын пайдалану бойынша нақты талаптарды белгілеу мақсатында аэродром айналасында орналасқан жер учаскелеріне құқық беру тәртібіне түзетулер енгізілді. Қазақстанның авиация әкімшілігіне ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызметтерге рұқсат беру құзыреті берілген.
https://sputnik.kz/20230514/shymkentte-zhana-auezhay-terminaly-iske-qosylady-34869303.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/257/02/2570239_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_884b0ba7faf855f3695e81a868399d4e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуежай, астана
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев ұшу-қону жолағы жөндеуді талап ететін әуежайлар туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, аэродром жабындарының нашар жағдайы ұшу қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін және дамуды тежейтін фактор болып тұр.
"Астана қаласының әуежайындағы қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жыл бұрын (2003 жылы) пайдалануға берілген. Осы уақытқа дейін тек аэродром жабындарына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бүгінгі таңда олардың жағдайы өте қиын, өйткені 2 жөндеу мерзімі кешіктірілді", - дейді Қарабаев үкімет отырысында.
Осыған байланысты "Астана қаласы әуежайының инфрақұрылымын күрделі жөндеу және жаңғырту" жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Бюджеттік өтінімді қалыптастыру үшін құжаттамалар дайындалуда.
Индустрия министрлігінің мәліметінше, I кезең бойынша жобаның құны – 11,5 млрд теңге, ұшу-қону жолағын күрделі жөндеу; II кезең бойынша жобаның құны 8,8 млрд теңге – рульдеу жолағын күрделі жөндеу, магистральдық рульдеу жолағы, әуеайлақтың су-дренаж жүйесі.
"Осы жұмысты жеделдету үшін қазіргі уақытта қаржы министрлігімен пысықтап жатырмыз", - деп сендірді министр.
Сондай-ақ Қарабаев Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысы созылып кеткенін айтты. Пайдалануға беру мерзімі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген болатын.
"Алайда сот ісіне және жер учаскесін уақтылы бөлмеуге байланысты бірқатар себептермен құрылыс процесі 4 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Әлихан Асханұлы (премьер-министр) бұл мәселе сіздің Шымкент қаласына жұмыс сапарыңыз барысында да көтерілді. Шымкент әкімдігі биыл жобаны аяқтау бойынша барлық қажетті шараны қабылдауы қажет, атап айтқанда, бағалау сараптамасын жүргізіп, жер учаскесін беру рәсімдерін жеделдетуге тиіс", деді ведомство басшысы.
Бұдан бөлек, Қарабаев аэродром маңындағы аумақтардағы заңсыз құрылысқа тоқталды.
Бас прокуратураның тексерісі барысында әуежайлардың санитарлық-қорғау аймағының шекарасында жергілікті атқарушы органдар 1 200-ге жуық учаске (тұрғын үй, коммерциялық және басқа да объектілерді салу үшін) бергені анықталды, оларда 900-дан астам ғимарат салынған.
Сондай-ақ, аэродром маңындағы аумақтарда әуежай комиссияларының келісімінсіз 100 мыңнан астам түрлі объектіні салу фактілері бар.
"Заңсыз құрылыс салу бойынша неғұрлым күрделі жағдай Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтөбе қалаларында байқалады", дейді министр.
Осыған байланысты аэродром маңы аумақтарын пайдалану бойынша нақты талаптарды белгілеу мақсатында аэродром айналасында орналасқан жер учаскелеріне құқық беру тәртібіне түзетулер енгізілді. Қазақстанның авиация әкімшілігіне ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызметтерге рұқсат беру құзыреті берілген.