FlyArystan Air Astana-дан бөлінсе, әуе билеттері қымбаттайды – Фостер

© Sputnik / Владислав ВодневСамолеты на взлетно-посадочной полосе
Самолеты на взлетно-посадочной полосе - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. FlyArystan әуе компаниясының Air Astana-дан бөлініп, жеке құрылуы билет бағасына оң әсер етпейді, тариф керісінше өседі. Үкімет кулуарында Air Astana президенті Питер Фостер осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі FlyArystan-ның Air Astana-дан бөлінуі нарық пен тариф деңгейіне оң әсер ететінін мәлімдеген еді.
Алайда Air Astana әуе компаниясының президенті мұнымен келіспейді.
"Егер FlyArystan-ның Air Astana-дан тез арада бөлінуін қарастырсақ, онда тарифтің төмендеуі туралы мүлде сөз болмайды. Керісінше, тариф өседі", - деп санайды Питер Фостер.
Айтуынша, қазір FlyArystan Air Astana-ның белгілі бір ресурстары мен қызметтерін пайдаланады. Компанияны жеке шыққан кезде, шығындары артып, салдарынан тариф көтеріледі.
Айта кетері, FlyArystan әуе компаниясын 2024 жылы бөлек заңды тұлға ретінде құру жоспарланып отыр.
Заправка топливом самолета - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2023
Қазақстан авиаотынды Ресейден импорттауға мәжбүр – министр
Жаңалықтар
0