https://sputnik.kz/20230530/qazaqstan-aviaotyndy-reseyden-importtauga-mazhbur--ministr-35422632.html
Қазақстан авиаотынды Ресейден импорттауға мәжбүр – министр
Қазақстан авиаотынды Ресейден импорттауға мәжбүр – министр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев азаматтық авиацияның дамуын тежейтін факторларды атады, деп хабарлайды... 30.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-30T11:00+0500
2023-05-30T11:00+0500
2023-05-30T11:00+0500
әуе қатынасы
жанармай
ресей
https://sputnik.kz/img/489/55/4895554_0:159:3077:1890_1920x0_80_0_0_f6b153495ab9ee2a2b73f2661c073911.jpg
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев азаматтық авиацияның дамуын тежейтін факторларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, азаматтық авиацияны дамытудың негізгі тежегіштерінің бірі – ішкі нарықтағы авиаотынның тапшылығы және оның жоғары құны.Сол себепті отандық әуежайлар транзиттік компанияларды тарту мен оларға қызмет көрсету бойынша көрші елдердің әуежайлары алдында бәсекеге қабілеттілігін жоғалтады. Бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетіне теріс әсер етіп жатыр.Министрлік мәліметінше, 2022 жылы авиаотын өндірісі – 648 мың тонна, тұтыну – 806 мың тонна, тапшылық 24% болды. Ресей елінен 158 мың тонна импортталады."Бұл мәселені жүйелі шешу үшін авиаотын өндірісінің жыл сайынғы көлемін ұлғайту қажет. Бұл ішкі нарықтағы тапшылықты және импортқа тәуелділікті жоюға мүмкіндік береді", - деп санайды министр.Авиацияның дамуын тежеп отырған екінші мәселе – жоғары білікті кадрлардың тапшылығы.Қарабаевтың айтуынша, қазір осы салада 20 мыңға жуық адам жұмыс істейді. 2025 жылға дейін қосымша кадрларға қажеттілік артады – жыл сайын 500-600 маман."Республикада сала бойынша Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде кадр даярлауды жүзеге асыратын жалғыз жоғары оқу орны жұмыс істейді. Алайда Академия түлектері ИКАО стандарттарына және мамандар дайындау саласындағы басқа да халықаралық талаптарға сәйкес келмеу себебінен сұранысқа ие емес. Сондықтан негізгі авиакәсіпорындар кадрларды өз бетінше оқытуға мәжбүр", - дейді ведомство басшысы.Кадр тапшылығы мәселесін шешу және студенттердің сұранысын арттыру үшін индустрия министрлігі ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, Еуропалық стандарттарға көшу арқылы азаматтық авиация саласы үшін кадр даярлау жүйесін түбегейлі реформалау, сондай-ақ оқыту процесін ИКАО-ның озық стандарттарына сәйкес келтіру мәселесін пысықтап жатыр.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/489/55/4895554_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_dee4a45bbf39fa7da35790b50565b125.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуе қатынасы, жанармай, ресей
әуе қатынасы, жанармай, ресей
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев азаматтық авиацияның дамуын тежейтін факторларды атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, азаматтық авиацияны дамытудың негізгі тежегіштерінің бірі – ішкі нарықтағы авиаотынның тапшылығы және оның жоғары құны.
Сол себепті отандық әуежайлар транзиттік компанияларды тарту мен оларға қызмет көрсету бойынша көрші елдердің әуежайлары алдында бәсекеге қабілеттілігін жоғалтады. Бұл Қазақстанның транзиттік әлеуетіне теріс әсер етіп жатыр.
"Авиаотын нарығындағы тұрақсыз жағдайға байланысты, авиакомпаниялар жаңа халықаралық рейстерді ашу қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Отандық мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуаты авиаотынға деген қажеттілікті өтемейді. Осыған байланысты отынды Ресей Федерациясынан импорттауға тура келеді", - дейді Қарабаев үкімет отырысында.
Министрлік мәліметінше, 2022 жылы авиаотын өндірісі – 648 мың тонна, тұтыну – 806 мың тонна, тапшылық 24% болды. Ресей елінен 158 мың тонна импортталады.
"Бұл мәселені жүйелі шешу үшін авиаотын өндірісінің жыл сайынғы көлемін ұлғайту қажет. Бұл ішкі нарықтағы тапшылықты және импортқа тәуелділікті жоюға мүмкіндік береді", - деп санайды министр.
Авиацияның дамуын тежеп отырған екінші мәселе – жоғары білікті кадрлардың тапшылығы.
Қарабаевтың айтуынша, қазір осы салада 20 мыңға жуық адам жұмыс істейді. 2025 жылға дейін қосымша кадрларға қажеттілік артады – жыл сайын 500-600 маман.
"Республикада сала бойынша Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде кадр даярлауды жүзеге асыратын жалғыз жоғары оқу орны жұмыс істейді. Алайда Академия түлектері ИКАО стандарттарына және мамандар дайындау саласындағы басқа да халықаралық талаптарға сәйкес келмеу себебінен сұранысқа ие емес. Сондықтан негізгі авиакәсіпорындар кадрларды өз бетінше оқытуға мәжбүр", - дейді ведомство басшысы.
Кадр тапшылығы мәселесін шешу және студенттердің сұранысын арттыру үшін индустрия министрлігі ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, Еуропалық стандарттарға көшу арқылы азаматтық авиация саласы үшін кадр даярлау жүйесін түбегейлі реформалау, сондай-ақ оқыту процесін ИКАО-ның озық стандарттарына сәйкес келтіру мәселесін пысықтап жатыр.