https://sputnik.kz/20230529/qazaqstanga-koreya-ministri-kele-zhatyr--kvota-beru-maselesi-talqylanuy-mumkin-35402246.html
Қазақстанға Корея министрі келе жатыр – квота беру мәселесі талқылануы мүмкін
Қазақстанға Корея министрі келе жатыр – квота беру мәселесі талқылануы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Ертең, 30 мамырда Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Джин Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгінгі... 29.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-29T18:00+0500
2023-05-29T18:00+0500
2023-05-29T18:00+0500
квота
оңтүстік корея
https://sputnik.kz/img/210/99/2109997_0:125:1200:800_1920x0_80_0_0_fb52240b02fe2de966990932c60a2895.jpg
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Ертең, 30 мамырда Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Джин Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгінгі брифингте сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үш күндік сапар барысында Чин премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездеседі.Осы орайда журналистер Кореяға жұмысқа баратын қазақстандықтар үшін квота енгізу мәселесін сұрады. Бұған дейін жыл сайын 50 мың квота алу туралы айтылған. Смадияровтың айтуынша, бұл мәселемен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысып жатыр. Әзірше, ешқандай өзгеріс жоқ. Дегенмен Корея министрінің сапары кезінде бұл мәселе талқылануы мүмкін."Бұл мәселе әлі шешілмеген. Ертең талқылануы мүмкін. Өйткені Корея министрі Қазақстанда үш күн болады, көп мәселе талқыланады. Әзірше өзгеріс жоқ, қазақстандықтар визасыз режиммен кіре алады. Ал заңды түрде жұмыс істегісі келсе, онда сол жақта кореялық компаниямен келісімшартқа отырып, осы жерден тиісті визасын рәсімдей алады", - деп атап өтті Смадияров.Айта кетері, Кореяға жұмысқа баратын қазақстандықтарды квотамен кіргізу бойынша келіссөздер басталды. Қазақстан Кореядан 50 мың квота алуды жоспарлап отыр.
https://sputnik.kz/20230419/koreya-qazaqstandyqtardy-kvotamen-kirgizedi--ministrlik-34109917.html
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/210/99/2109997_133:0:1200:800_1920x0_80_0_0_03ccbb4e28e614d2a3ec5f5b1c1836cf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
квота, оңтүстік корея
Қазақстанға Корея министрі келе жатыр – квота беру мәселесі талқылануы мүмкін
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Ертең, 30 мамырда Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Джин Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы бүгінгі брифингте сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үш күндік сапар барысында Чин премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездеседі.
"Тараптар кеңейтілген стратегиялық әріптестіктің, соның ішінде саяси-экономикалық және мәдени өзара іс-қимыл салаларындағы Қазақстан мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылайды. Корея министрінің мемлекет басшылығымен кездесуі жоспарланған", - деді Смадияров.
Осы орайда журналистер Кореяға жұмысқа баратын қазақстандықтар үшін квота енгізу мәселесін сұрады. Бұған дейін жыл сайын 50 мың квота алу туралы айтылған. Смадияровтың айтуынша, бұл мәселемен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысып жатыр. Әзірше, ешқандай өзгеріс жоқ. Дегенмен Корея министрінің сапары кезінде бұл мәселе талқылануы мүмкін.
"Бұл мәселе әлі шешілмеген. Ертең талқылануы мүмкін. Өйткені Корея министрі Қазақстанда үш күн болады, көп мәселе талқыланады. Әзірше өзгеріс жоқ, қазақстандықтар визасыз режиммен кіре алады. Ал заңды түрде жұмыс істегісі келсе, онда сол жақта кореялық компаниямен келісімшартқа отырып, осы жерден тиісті визасын рәсімдей алады", - деп атап өтті Смадияров.
Айта кетері, Кореяға жұмысқа баратын қазақстандықтарды квотамен кіргізу бойынша келіссөздер басталды. Қазақстан Кореядан 50 мың квота алуды жоспарлап отыр.