https://sputnik.kz/20230419/koreya-qazaqstandyqtardy-kvotamen-kirgizedi--ministrlik-34109917.html
Корея қазақстандықтарды квотамен кіргізеді – министрлік
Корея қазақстандықтарды квотамен кіргізеді – министрлік
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Корея жұмысқа баратын қазақстандықтарды квотамен ғана кіргізеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі... 19.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-19T17:28+0500
2023-04-19T17:28+0500
2023-04-19T17:28+0500
оңтүстік корея
квота
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0a/23408854_0:133:1281:853_1920x0_80_0_0_9538f19a3725791b4dfdf79869ec3129.jpg
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Корея жұмысқа баратын қазақстандықтарды квотамен ғана кіргізеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде Корея тура сондай тәртіппен басқа елдердің азаматтарын кіргізеді. Қазақстан үшін де квота енгізіледі."Осы айдың 25-26-сы аралығында консулдық келіссөздер өтеді. Қазақстан делегациясының құрамында мен де бармын. Басқа мамандармен бірге Сеулге барып, осы мәселені талқылаймыз. Қазіргі кезде Корея 16 мемлекетке еңбек квотасын беріп отыр. Енді Қазақстанды да 17-ші немесе 18-ші болып, квота алатын мемлекеттерге қосу қарастырылған", - деді Испанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Оның айтуынша, квота алатын адамдар алдымен дайындық курсынан өтеді."Ол жердегі әдеп-ғұрып, тіл, жүріп-тұру тәртібі, олардың заңдары бар. Соған үйретеміз. Содан кейін ғана жұмыс істейді. Ең бастысы, өз біліктілігін көтереді", - деп атап өтті Испанов.Айта кетері, Қазақстан Кореядан 50 мың квота алуды жоспарлап отыр.
https://sputnik.kz/20230329/koreyada-deportatsiyadan-qashyp-ketken-qazaqstandyq-politsiyaga-ozi-keldi-33365016.html
оңтүстік корея
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/0a/23408854_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_b1a9816fa0b284522ba9c04e9d15bdc5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оңтүстік корея, квота
Корея қазақстандықтарды квотамен кіргізеді – министрлік
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Корея жұмысқа баратын қазақстандықтарды квотамен ғана кіргізеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ілияс Испанов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Корея тура сондай тәртіппен басқа елдердің азаматтарын кіргізеді. Қазақстан үшін де квота енгізіледі.
"Осы айдың 25-26-сы аралығында консулдық келіссөздер өтеді. Қазақстан делегациясының құрамында мен де бармын. Басқа мамандармен бірге Сеулге барып, осы мәселені талқылаймыз. Қазіргі кезде Корея 16 мемлекетке еңбек квотасын беріп отыр. Енді Қазақстанды да 17-ші немесе 18-ші болып, квота алатын мемлекеттерге қосу қарастырылған", - деді Испанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, квота алатын адамдар алдымен дайындық курсынан өтеді.
"Ол жердегі әдеп-ғұрып, тіл, жүріп-тұру тәртібі, олардың заңдары бар. Соған үйретеміз. Содан кейін ғана жұмыс істейді. Ең бастысы, өз біліктілігін көтереді", - деп атап өтті Испанов.
Айта кетері, Қазақстан Кореядан 50 мың квота алуды жоспарлап отыр.