Атырауда көлік иесі 86 айыппұлды төлемей жүрген

© Sputnik / Владислав ВодневВодительское удостоверение
Водительское удостоверение - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Атырау қаласында жалған нөмірмен жүрген көлік иесі 86 айыппұлды төлемеген болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
27 мамыр күні жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері "Interceptor" іздеу жүйесі арқылы Mercedes автокөлігінің төленбей жүрген айыппұл бар екенін анықтады. Мамандар бірден патрульдік полицияға хабар берді.
Полицейлер көлік иесін ұстады. Тексеріс кезінде автокөліктің 86 айыппұлы, ал мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі жалған болып шықты.
Әкімішілік құқық бұзушылықтың 590-бабы, 4-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, алған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша хаттама рәсімделді.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Велосипедші - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2023
Велосипедшіге қандай жағдайда айыппұл салынады – жол ережесінің негізгі талаптары
Жаңалықтар
0