https://sputnik.kz/20230410/velosipedshige-qanday-zhagdayda-ayyppul-salynady--zhol-erezhesinin-negizgi-talaptary-33744910.html
Велосипедшіге қандай жағдайда айыппұл салынады – жол ережесінің негізгі талаптары
Велосипедшіге қандай жағдайда айыппұл салынады – жол ережесінің негізгі талаптары
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Жақында Тараз қаласында велосипед мінген ер адамға рөлді бір қолмен ұстағаны үшін айыппұл салынды. Әлеуметтік желіде оқиғаның... 10.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-10T12:21+0500
2023-04-10T12:21+0500
2023-04-10T13:21+0500
велосипед
жол жүру ережесі
https://sputnik.kz/img/1094/66/10946636_57:0:2944:1624_1920x0_80_0_0_298f45d5d74b19e4ad4fdfad6c3d9d69.jpg
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Жақында Тараз қаласында велосипед мінген ер адамға рөлді бір қолмен ұстағаны үшін айыппұл салынды. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тараған болатын. Жазаға тартылған ер адам айыппұлдың мұндай түріне таңғалып, полицейлерді видеоға түсірген. Бірақ ол өз кінәсін мойындады. Артынан полиция осы оқиғаға түсініктеме беріп, велосипедшінің жүріп келе жатып ұялы телефонмен сөйлескенін хабарлады. Себебі велосипед мінген адам жүргізуші болып саналады. Сол үшін әкімшілік хаттама рәсімделген. Sputnik Қазақстан велосипедке қатысты жол ережесінің негізгі талаптарын назарларыңызға ұсынады.Бір қатармен жүру керекҚазақстанда велосипед, мал жегілген арба мен мопед үшін ортақ ереже бар. Бір айырмашылығы, мопедке 16 жасқа толған адамдар ғана міне алады. Ал велосипедшіге ондай талап қойылмайды.Ережеге сәйкес, велосипед үшін арнайы жол болмаса, жолдың оң жағымен жүруге болады. Жол жиегімен де жүруге рұқсат. Бірақ жаяу жүргiншiлерге кедергi келтiрмеу керек.Велосипед мінген адамдар бiр қатармен жүруге тиіс. Ал велосипедшілер көп болған жағдайда он адамға бөлініп, топпен қозғалған жөн. Сосын бір-бірінен басып озуды жеңiлдету үшiн топтардың арақашықтығы 80-100 м болуы шарт.Велосипедшінің міндеттеріЖол жүру ережесінің 24-бабына сәйкес, велосипед пен мопед жүргiзушiлерiне бірнеше талапты қатаң сақтауы қажет. Оны бұзған жағдайда айыппұл салынады. Негізгі шектеулер:Сондай-ақ велосипед жолағы мен жол қиылысқан жерде бағдаршам болмаса, көлікке жол беру керек.Айыппұлдың көлемі қандайҚазақстанның заңнамасы бойынша велосипедшілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша жауап береді. Жол ережесін бұзғаны үшін 2 АЕК (6 900 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал жәбiрленушiнiң денсаулығына зиян немесе материалдық залал келген жағдайда 10 АЕК (34 500 теңге) төлеуге тура келеді.Тәртіп бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, 2 АЕК бес есеге өседі. Ал материалдық залал келген немесе жәбірленуші жеңіл жарақат алған жағдайда 20 АЕК (69 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Веложолақ бар жерде тротуармен жүргені үшін жаза қарастырылған.Велосипедші жүргізуші екенін ұмытпау керекПолицейлер маңызды бір мәселені ұмытпауға кеңес беріп отыр. Жол ережесіне сәйкес, велосипедке мінген адам жүргізуші болып саналады. Ал велосипедті ұстап келе жатса, жаяу жүргіншілерге жатады. Соған қарай әкімшілік жаза да қолданылады."Жолда абай болыңыздар! Тыйым салынған жерден өтуге болмайды. Жолды тек жаяу жүргіншілер жолағымен кесіп өтіңіз. Ол кезде велосипедтен түсу керек. Сосын велосипедке шам мен катафот орнатып қойған дұрыс. Сонда қараңғы түскенде жолда келе жатқаныңыз алыстан көрінеді", - дейді тәртіп сақшылары.Айта кетері, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 28-бабы бойынша 16 жасқа толған және ақыл-есi дұрыс адамдар жауапқа тартылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1094/66/10946636_418:0:2583:1624_1920x0_80_0_0_b0b0b79c344534bfc61a38717dfd6a83.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
велосипед, жол жүру ережесі
велосипед, жол жүру ережесі
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Жақында Тараз қаласында велосипед мінген ер адамға рөлді бір қолмен ұстағаны үшін айыппұл салынды. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тараған болатын. Жазаға тартылған ер адам айыппұлдың мұндай түріне таңғалып, полицейлерді видеоға түсірген. Бірақ ол өз кінәсін мойындады. Артынан полиция осы оқиғаға түсініктеме беріп, велосипедшінің жүріп келе жатып ұялы телефонмен сөйлескенін хабарлады. Себебі велосипед мінген адам жүргізуші болып саналады. Сол үшін әкімшілік хаттама рәсімделген. Sputnik Қазақстан велосипедке қатысты жол ережесінің негізгі талаптарын назарларыңызға ұсынады.
Қазақстанда велосипед, мал жегілген арба мен мопед үшін ортақ ереже бар. Бір айырмашылығы, мопедке 16 жасқа толған адамдар ғана міне алады. Ал велосипедшіге ондай талап қойылмайды.
Ережеге сәйкес, велосипед үшін арнайы жол болмаса, жолдың оң жағымен жүруге болады. Жол жиегімен де жүруге рұқсат. Бірақ жаяу жүргiншiлерге кедергi келтiрмеу керек.
Велосипед мінген адамдар бiр қатармен жүруге тиіс. Ал велосипедшілер көп болған жағдайда он адамға бөлініп, топпен қозғалған жөн. Сосын бір-бірінен басып озуды жеңiлдету үшiн топтардың арақашықтығы 80-100 м болуы шарт.
Велосипедшінің міндеттері
Жол жүру ережесінің 24-бабына сәйкес, велосипед пен мопед жүргiзушiлерiне бірнеше талапты қатаң сақтауы қажет. Оны бұзған жағдайда айыппұл салынады. Негізгі шектеулер:
ұзындығынан немесе енi жағынан 0,5 метрге артық шығып тұратын жүктердi немесе басқаруға кедергi келтiретiн жүктердi тасымалдауға;
·велосипед жолағы болғанда жолмен жүруге;
бiр жол жолағынан артық болғанда солға бұрылуға немесе керi бұрылуға;
автомагистральмен жүруге тыйым салынады.
Сондай-ақ велосипед жолағы мен жол қиылысқан жерде бағдаршам болмаса, көлікке жол беру керек.
Қазақстанның заңнамасы бойынша велосипедшілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша жауап береді. Жол ережесін бұзғаны үшін 2 АЕК (6 900 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал жәбiрленушiнiң денсаулығына зиян немесе материалдық залал келген жағдайда 10 АЕК (34 500 теңге) төлеуге тура келеді.
Тәртіп бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, 2 АЕК бес есеге өседі. Ал материалдық залал келген немесе жәбірленуші жеңіл жарақат алған жағдайда 20 АЕК (69 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Веложолақ бар жерде тротуармен жүргені үшін жаза қарастырылған.
Велосипедші жүргізуші екенін ұмытпау керек
Полицейлер маңызды бір мәселені ұмытпауға кеңес беріп отыр. Жол ережесіне сәйкес, велосипедке мінген адам жүргізуші болып саналады. Ал велосипедті ұстап келе жатса, жаяу жүргіншілерге жатады. Соған қарай әкімшілік жаза да қолданылады.
"Жолда абай болыңыздар! Тыйым салынған жерден өтуге болмайды. Жолды тек жаяу жүргіншілер жолағымен кесіп өтіңіз. Ол кезде велосипедтен түсу керек. Сосын велосипедке шам мен катафот орнатып қойған дұрыс. Сонда қараңғы түскенде жолда келе жатқаныңыз алыстан көрінеді", - дейді тәртіп сақшылары.
Айта кетері, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 28-бабы бойынша 16 жасқа толған және ақыл-есi дұрыс адамдар жауапқа тартылады.