https://sputnik.kz/20230526/almatyda-qarzhy-zhymqyrgan-sport-basqarmasynyn-qyzmetkerleri-sottaldy-35320169.html
Алматыда қаржы жымқырған спорт басқармасының қызметкерлері сотталды
Алматыда қаржы жымқырған спорт басқармасының қызметкерлері сотталды
Sputnik Қазақстан
Олар қызметтерді жоғары бағамен сатып алған. Сондай-ақ іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға ақы төлеген 26.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-26T14:51+0500
2023-05-26T14:51+0500
2023-05-26T14:51+0500
алматы
сот
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/1255/64/12556499_0:1:2048:1153_1920x0_80_0_0_45e29bb0d19e99067fc878385daf286f.jpg
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотында Алматы қаласы спорт басқармасының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. Оларға "Жымқыру және аса ірі мөлшерде ақша қаражатын иемдену арқылы бөгдеге тиесілі мүлікті ұрлады" деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған. 2020 жылғы қараша - 2021 жылғы желтоқсан аралығында спорт басқармасы қалада кешенді спорттық бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізген. Сондай-ақ айыптылар спорт наградаларын өз бағасынан асыра бағалаған. ""К" ЖШС директоры бірқатар іс-шараларды өткізуге басқарма тарапынан рұқсат алып, марапаттау өнімдерін, спорттық жабдықтарды сатып алу шығындарын асыра бағалаған. Сонымен қатар бірқатар іс-шараларды өткізбеген, бірақ оған қаржы бөлінген", - делінген хабарламада.Сот үш мемлекеттік қызметкерге үкім шығарды. Сот жаза тағайындау кезінде жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, кінәлілердің жеке басын, оның ішінде қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлықтарын ескерген. Айыптылардың бұған дейін сотталмағаны және кәмелетке толмаған балалары болғандықтан жеңілдетілген жаза тағайындаған. "Үш мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым сала отырып, 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. ҚР Президентіне Спорт басқармасы басшысының "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік марапатынан айыру туралы ұсыныс енгізілді. Ал "К"ЖШС директоры 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада. Сотталғандардан мемлекет кірісіне 330 млн теңге сомасында материалдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20230515/zhemqorlyq-ushin-sottalgan-arbir-tortinshi-adam--ishki-ister-organdarynyn-qyzmetkeri-34887630.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/64/12556499_256:0:1793:1153_1920x0_80_0_0_1870105cb4aef1e5896cf1c891636756.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, сот, сыбайлас жемқорлық
алматы, сот, сыбайлас жемқорлық
Алматыда қаржы жымқырған спорт басқармасының қызметкерлері сотталды
Олар қызметтерді жоғары бағамен сатып алған. Сондай-ақ іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға ақы төлеген
АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотында Алматы қаласы спорт басқармасының қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Оларға "Жымқыру және аса ірі мөлшерде ақша қаражатын иемдену арқылы бөгдеге тиесілі мүлікті ұрлады" деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.
2020 жылғы қараша - 2021 жылғы желтоқсан аралығында спорт басқармасы қалада кешенді спорттық бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізген.
"Спорт басқармасының басшысы қаржы-экономикалық және жоғары жетістіктер спорты бөлімдерінің басшыларымен алдын ала сөз байласып, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған. Атап айтқанда қызметтерді жоғары бағамен сатып алған. Сондай-ақ іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға ақы төлеген", - дейді қалалық соттың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ айыптылар спорт наградаларын өз бағасынан асыра бағалаған.
""К" ЖШС директоры бірқатар іс-шараларды өткізуге басқарма тарапынан рұқсат алып, марапаттау өнімдерін, спорттық жабдықтарды сатып алу шығындарын асыра бағалаған. Сонымен қатар бірқатар іс-шараларды өткізбеген, бірақ оған қаржы бөлінген", - делінген хабарламада.
Сот үш мемлекеттік қызметкерге үкім шығарды.
Сот жаза тағайындау кезінде жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, кінәлілердің жеке басын, оның ішінде қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлықтарын ескерген. Айыптылардың бұған дейін сотталмағаны және кәмелетке толмаған балалары болғандықтан жеңілдетілген жаза тағайындаған.
"Үш мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым сала отырып, 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. ҚР Президентіне Спорт басқармасы басшысының "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік марапатынан айыру туралы ұсыныс енгізілді. Ал "К"ЖШС директоры 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Сотталғандардан мемлекет кірісіне 330 млн теңге сомасында материалдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.