https://sputnik.kz/20230525/qazaq-ozbek-shekarasynda-zhuzdegen-kolik-kepteliste-turyp-qaldy-35236069.html
Қазақ-өзбек шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Қазақ-өзбек шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеттерінің жұмысы күшейтілген режимге көшті 25.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-25T08:57+0600
2023-05-25T08:57+0600
2023-05-25T08:59+0600
шекара
өзбекстан
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/1259/35/12593557_0:157:1600:1057_1920x0_80_0_0_829a9452c5018ccc595b027c5daccab3.jpg
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүздеген жүк көлігі кептелісте тұр. Шымкент пен Ташкент арасындағы үлкен жолдың бойындағы тізбек бірнеше шақырымға созылады.Түркістан облысындағы "Қазығұрт" кеден бекетінде кезегін күткен шетелдік көлік жүргізушілері кезектің тым баяу жылжып жатқанын айтады. Жүргізушілер түнде мүлдем тұрып қалған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы."Сағат ондарда келіп тоқтағанбыз. Содан әлі тұрмыз. Онда келіп тоқтағаннан бері көп болса 200 метр қозғалдық. Кезек түк жылжып жатқан жоқ. Кешке мүлдем тұрасың. Егер ақша берсек өтуге болады. Бірақ осында тізіліп тұрған өзге жүргізушілерді де ойлауымыз керек қой, бәріміз жолда жүрген адамбыз. Сондықтан алдын орап кетуге дәтіміз бармайды", - дейді жүк көлігінің жүргізушісі Бақыт Жиенбаев."Бір ғана дәретхана бар. Асхана анау жақта. Алысқа ұзап кеткенде өзгелердің жолын бөгеп немесе кезектен шығып қалуың мүмкін. Жіпсіз байланып отырмыз", - дейді Дилмурод Бакиров есімді жүргізуші.Ал жауаптылар шекарадағы кептелісті Сарыағаш қаласындағы "Қапланбек" бекетінің уақытша жөндеуге жабылуымен байланыстырып отыр. Сол себепті жүк көліктері аумақтағы үш бекет арқылы өткізілуде. Сондай-ақ бұған екі ел арасында тауар тасымалының шамадан тыс артуы да себеп болуы мүмкін. "Қазығұрт"бекетінен бұрын күніне 10 жүк көлігі өткізілсе, соңғы уақытта оның саны 250-ге жеткен. Мәселені реттеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды."Өзбекстан мемлекетінен елімізге жүк көптеп әкелініп жатыр. Одан бөлек, Қазақстан арқылы Ресей Федерациясына көкөніс өнімдерін алып кетіп жатыр. Кеденшілердің штаттық саны көбейтілді. Сонымен қатар кедендік бақылау шараларын тездету жұмыстары да атқарылып жатыр", - деп түсіндірді ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.
https://sputnik.kz/20230210/2026-zhylga-deyin-qazaqstanda-bes-shekaralyq-khab-salynady-31932215.html
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1259/35/12593557_177:0:1600:1067_1920x0_80_0_0_4a391afaf4489e611e109e11d5cd6922.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
шекара, өзбекстан
Қазақ-өзбек шекарасында жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
08:57 25.05.2023 (жаңартылды: 08:59 25.05.2023) Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеттерінің жұмысы күшейтілген режимге көшті
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүздеген жүк көлігі кептелісте тұр. Шымкент пен Ташкент арасындағы үлкен жолдың бойындағы тізбек бірнеше шақырымға созылады.
Түркістан облысындағы "Қазығұрт" кеден бекетінде кезегін күткен шетелдік көлік жүргізушілері кезектің тым баяу жылжып жатқанын айтады. Жүргізушілер түнде мүлдем тұрып қалған, деп хабарлады "
Астана" телеарнасы.
"Сағат ондарда келіп тоқтағанбыз. Содан әлі тұрмыз. Онда келіп тоқтағаннан бері көп болса 200 метр қозғалдық. Кезек түк жылжып жатқан жоқ. Кешке мүлдем тұрасың. Егер ақша берсек өтуге болады. Бірақ осында тізіліп тұрған өзге жүргізушілерді де ойлауымыз керек қой, бәріміз жолда жүрген адамбыз. Сондықтан алдын орап кетуге дәтіміз бармайды", - дейді жүк көлігінің жүргізушісі Бақыт Жиенбаев.
"Бір ғана дәретхана бар. Асхана анау жақта. Алысқа ұзап кеткенде өзгелердің жолын бөгеп немесе кезектен шығып қалуың мүмкін. Жіпсіз байланып отырмыз", - дейді Дилмурод Бакиров есімді жүргізуші.
Ал жауаптылар шекарадағы кептелісті Сарыағаш қаласындағы "Қапланбек" бекетінің уақытша жөндеуге жабылуымен байланыстырып отыр. Сол себепті жүк көліктері аумақтағы үш бекет арқылы өткізілуде. Сондай-ақ бұған екі ел арасында тауар тасымалының шамадан тыс артуы да себеп болуы мүмкін. "Қазығұрт"бекетінен бұрын күніне 10 жүк көлігі өткізілсе, соңғы уақытта оның саны 250-ге жеткен. Мәселені реттеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.
"Өзбекстан мемлекетінен елімізге жүк көптеп әкелініп жатыр. Одан бөлек, Қазақстан арқылы Ресей Федерациясына көкөніс өнімдерін алып кетіп жатыр. Кеденшілердің штаттық саны көбейтілді. Сонымен қатар кедендік бақылау шараларын тездету жұмыстары да атқарылып жатыр", - деп түсіндірді ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.