2026 жылға дейін Қазақстанда бес шекаралық хаб салынады

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуШЫҰ, ҰҚШҰ, ТМД
ШЫҰ, ҰҚШҰ, ТМД - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2023
Жазылу
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстан 2026 жылға қарай бес шекаралық сауда-логистикалық кешен салуды көздеп отыр, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігінің Telegram-арнасы.
Осылайша Жамбыл облысында Қырғызстанмен шекарада индустриялдық сауда-логистикалық кешен құрылады.
Түркістан облысында Өзбекстанмен шекарада "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы (ХӨКО) орналасады.
Батыс Қазақстан облысында Ресеймен шекарада "Еуразия" трансшекаралық сауда орталығын салу жоспарланып отыр.
Маңғыстау облысында "Каспий торабы" контейнерлік хабы пайда болса, Қытаймен шекарада "Қорғас торабы" шекаралық кешені салынады.
Сауда-логистикалық хабтардың қызметі жинау, сақтау, қайта өңдеу, жаңа тауарларды өндіру және оларды халықаралық тауарды өткізу жүйелеріне интеграциялай отырып, одан әрі сату саласындағы өнеркәсіптік кооперацияны қамтамасыз етуге бағытталады.
Сондай-ақ мұнда қысқа мерзімді сақтау, логистика, сауда орындарын жалға беру, сату алдындағы дайындық, тауарларды көтерме партиялар бойынша біріктіру және қайта бөлу, тиеу және түсіру, трансконтиненталдық жүк тасымалдауды дамыту бойынша қызметтерді көрсетеді.
Трансшекаралық хабтар Қазақстан аймақтарындағы кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін қамтиды деп болжанып отыр.
Сауда министрлігі хабарлауынша, шекаралас аймақтарда инфрақұрылымдық кешендерді дамыту өндірістік кооперация жобаларын іске асыру үшін жағдай жасайды. Бұл жеткізу тізбегіне қатысушылардың санын қысқартуға, түпкілікті тұтынушы үшін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және жеткізу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Ірі сауда-логистикалық орталықтардың құрылуы екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың дамуына оң әсерін тигізеді, көршілес мемлекеттердің тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері арасындағы іскерлік байланысты ұлғайтады, олардың арасындағы өзара тауар айналымын арттыруды ынталандырады.
порт Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.05.2022
Экономика
"Ақтау теңіз порты" базасында контейнерлік хаб құрылады
Жаңалықтар
0