https://sputnik.kz/20220516/aqtau-teniz-porty-konteynerlik-khab-24843774.html
"Ақтау теңіз порты" базасында контейнерлік хаб құрылады
"Ақтау теңіз порты" базасында контейнерлік хаб құрылады
Sputnik Қазақстан
Бүгінге дейін арнайы экономикалық аймақта 18 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ тағы 25 жоба іске асырылу кезеңінде 16.05.2022, Sputnik Қазақстан
2022-05-16T16:51+0500
2022-05-16T16:51+0500
2023-08-10T16:53+0500
экономика
жүк
ақтау
https://sputnik.kz/img/old/900/20/9002039_0:219:4256:2613_1920x0_80_0_0_c78abf0d6d6f598699f3d5358b11d54b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша жүк тасымалын дамыту мақсатында "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы базасында контейнерлік хаб құрылады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.Ресми мәліметке сүйенсек, инвестор ретінде PSA Group, Maersk, MSC сынды әлемдік контейнерлік операторларды тарту көзделіп отыр.Арнайы экономикалық аймақ құрылғаннан бері 1 720 тұрақты жұмыс орны ашылған. 19 жылдан бері АЭА аумағындағы іске асырылған жобаларға инвесторлар тарапынан 260,7 млрд теңге салынған. Ал шетелдік инвестиция көлемі 168 млрд теңгені құрайды.Айта кетерлігі, "Ақтау теңіз порты" АЭА-да жобаларды жүзеге асыруға толыққанды жағдай жасалған. Аймаққа қажетті инфрақұрылым жүргізіліп, салықтық және кедендік преференциялар ұсынылған. Сондай-ақ жобаларды сүйемелдеу мен олардың мониторингі іске асырылады."Сонымен қатар экономикалық аймақта бірқатар маңызды стратегиялық жобалар жүзеге асырылады. Олардың қатарында үлкен диаметрлі болат құбырларын шығаратын "Arcellor Mittal Tubular Products Aktau" АҚ, "премиум" санатындағы газ герметикалық жалғаумен құбырларды кесетін "Kazakhstan Pipe Threaders" ЖШС, Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейтетін "Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы" ЖШС сияқты кәсіпорындар мен жобаларды атап өтуге болады", - деп хабарлады министрліктегілер. Сондай-ақ аймақтағы туризм саласын дамыту мақсатында Rixos Water World Aktau көпфункционалды қонақ үй кешені пайдалануға берілген.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/900/20/9002039_240:0:4016:2832_1920x0_80_0_0_3ef0a6bd7053793173266a30e6530180.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүк, ақтау
"Ақтау теңіз порты" базасында контейнерлік хаб құрылады
16:51 16.05.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) Бүгінге дейін арнайы экономикалық аймақта 18 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ тағы 25 жоба іске асырылу кезеңінде
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша жүк тасымалын дамыту мақсатында "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы базасында контейнерлік хаб құрылады, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Ресми мәліметке сүйенсек, инвестор ретінде PSA Group, Maersk, MSC сынды әлемдік контейнерлік операторларды тарту көзделіп отыр.
"Бүгінге дейін арнайы экономикалық аймақта 18 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ тағы 25 жоба іске асырылу кезеңінде. Жалпы алғанда экономикалық аймақтағы қолға алынған жұмыстардың басым бағыты мұнай өндіру мен мұнай-химия өнеркәсібі, құрылыс, порт және туристік салаларды дамытуға арналған", - делінген хабарламада.
Арнайы экономикалық аймақ құрылғаннан бері 1 720 тұрақты жұмыс орны ашылған. 19 жылдан бері АЭА аумағындағы іске асырылған жобаларға инвесторлар тарапынан 260,7 млрд теңге салынған. Ал шетелдік инвестиция көлемі 168 млрд теңгені құрайды.
Айта кетерлігі, "Ақтау теңіз порты" АЭА-да жобаларды жүзеге асыруға толыққанды жағдай жасалған. Аймаққа қажетті инфрақұрылым жүргізіліп, салықтық және кедендік преференциялар ұсынылған. Сондай-ақ жобаларды сүйемелдеу мен олардың мониторингі іске асырылады.
"Сонымен қатар экономикалық аймақта бірқатар маңызды стратегиялық жобалар жүзеге асырылады. Олардың қатарында үлкен диаметрлі болат құбырларын шығаратын "Arcellor Mittal Tubular Products Aktau" АҚ, "премиум" санатындағы газ герметикалық жалғаумен құбырларды кесетін "Kazakhstan Pipe Threaders" ЖШС, Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейтетін "Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы" ЖШС сияқты кәсіпорындар мен жобаларды атап өтуге болады", - деп хабарлады министрліктегілер.
Сондай-ақ аймақтағы туризм саласын дамыту мақсатында Rixos Water World Aktau көпфункционалды қонақ үй кешені пайдалануға берілген.