https://sputnik.kz/20230524/turgyn-uy-bagdarlamalary-bastapqy-zharna-35224858.html
Тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны алып тастау ұсынылды
Тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны алып тастау ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева көпбалалы, толық емес және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды
2023-05-24T16:59+0500
2023-05-24T16:59+0500
2023-05-24T16:59+0500
қоғам
ипотека
бастапқы жарна
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/1027/12/10271277_0:20:3072:1748_1920x0_80_0_0_ec1c5ec1506081641356788a1b26f0f9.jpg
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева көпбалалы, толық емес және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ресми статистикаға сәйкес, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 2019-2022 жылдары 14 938 несие, "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша 2020-2022 жылдары 19 394 несие берілген. Депутат елімізде халық саны қарқынды өсіп жатқанын ескерсек, бұл көрсеткіш өте төмен деп есептейді.Депутат көпбалалы, толық емес және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ипотекалық несиені қолжетімді ету қажет екенін айтты. Себебі осы санаттағы азаматтар баспана алу кезінде түрлі қиындыққа тап болады."Жергілікті әкімдіктерде тұрғын үй кезегіне тұру үшін тұрақты тұрғылықты жері бойынша үш жылдан астам тіркеу болуға міндетті. Іс жүзінде халық ақылы тіркеу проблемасына тап болады: бұл сыбайлас жемқорлықты тудырады, азаматтарды осылайша заңсыздықтарға итермелейді. Сондай-ақ тұрақты, жақсы жалақы алатын жұмыс керек. Соңғы алты айдағы отбасының жиынтық табысы жоғары болуы керек. Ал ипотеканы мақұлдаудағы маңызды сәттердің бірі – жақсы несие тарихының болуы және басқа кредиттердің болмауы. Бірақ осы үш санаттағы отбасылар несиені өтеу мәселесіне жиі тап болады және олардың барлығында несие тарихында көрсетілген кешіктірілген төлемдер бар. Осыған байланысты олар ипотекаға пәтер сатып ала алмайды", - дейді Танашева.Осыған байланысты ол "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны міндетті шарттардан алып тастауды немесе үш санатқа – көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға тұрғын үй сертификатын беруді ұсынды."Бастапқы жарнаны төлемей, баспана алудың баламалы тетіктерін енгізуді қарастыруыңызды сұраймыз", - деді депутат.Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі ересектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеке кезек жасау, "Бақытты отбасы" бағдарламасына толық емес отбасыларды қосу ұсынылды.
https://sputnik.kz/20221003/zhalgyzbasty-analar-baqytty-otbasy-bagdarlamasy-28138525.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1027/12/10271277_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_c4fc8d7b682f9287c9db3e6915ae8ac5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй бағдарламалары бастапқы жарна бақытты отбасы шаңырақ ипотека көпбалалы отбасылар депутат танашева
тұрғын үй бағдарламалары бастапқы жарна бақытты отбасы шаңырақ ипотека көпбалалы отбасылар депутат танашева
Тұрғын үй бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны алып тастау ұсынылды
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева көпбалалы, толық емес және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми статистикаға сәйкес, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 2019-2022 жылдары 14 938 несие, "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша 2020-2022 жылдары 19 394 несие берілген. Депутат елімізде халық саны қарқынды өсіп жатқанын ескерсек, бұл көрсеткіш өте төмен деп есептейді.
"2023 жылға "Бақытты отбасы" бағдарламасына 3176 өтінішке, "Шаңырақ" бағдарламасына 3610 өтінішке 71,9 млрд теңге бөлінді. Бұл баспана кезегінде тұрған 415 700 адамның биыл тек 6 786 өтініші мақұлданады деген сөз. Бұл ипотека бойынша баспана ала алатын мұқтаждардың жалпы санының 1,6 пайызын құрайды. Халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін қолданыстағы ипотекалық бағдарламаларды қайта қарау қажет", - деді Танашева премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.
Депутат көпбалалы, толық емес және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ипотекалық несиені қолжетімді ету қажет екенін айтты. Себебі осы санаттағы азаматтар баспана алу кезінде түрлі қиындыққа тап болады.
"Жергілікті әкімдіктерде тұрғын үй кезегіне тұру үшін тұрақты тұрғылықты жері бойынша үш жылдан астам тіркеу болуға міндетті. Іс жүзінде халық ақылы тіркеу проблемасына тап болады: бұл сыбайлас жемқорлықты тудырады, азаматтарды осылайша заңсыздықтарға итермелейді. Сондай-ақ тұрақты, жақсы жалақы алатын жұмыс керек. Соңғы алты айдағы отбасының жиынтық табысы жоғары болуы керек. Ал ипотеканы мақұлдаудағы маңызды сәттердің бірі – жақсы несие тарихының болуы және басқа кредиттердің болмауы. Бірақ осы үш санаттағы отбасылар несиені өтеу мәселесіне жиі тап болады және олардың барлығында несие тарихында көрсетілген кешіктірілген төлемдер бар. Осыған байланысты олар ипотекаға пәтер сатып ала алмайды", - дейді Танашева.
Осыған байланысты ол "Бақытты отбасы" және "Шаңырақ" бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны міндетті шарттардан алып тастауды немесе үш санатқа – көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға тұрғын үй сертификатын беруді ұсынды.
"Бастапқы жарнаны төлемей, баспана алудың баламалы тетіктерін енгізуді қарастыруыңызды сұраймыз", - деді депутат.
Сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды және мүмкіндігі шектеулі ересектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жеке кезек жасау, "Бақытты отбасы" бағдарламасына толық емес отбасыларды қосу ұсынылды.