https://sputnik.kz/20221003/zhalgyzbasty-analar-baqytty-otbasy-bagdarlamasy-28138525.html
Жалғызбасты аналар "Бақытты отбасы" бағдарламасынан неге алынып тасталды
Жалғызбасты аналар "Бақытты отбасы" бағдарламасынан неге алынып тасталды
Sputnik Қазақстан
Енді олар "Шаңырақ – 5-10-20" бағдарламасы бойынша ипотека ала алады 03.10.2022, Sputnik Қазақстан
2022-10-03T13:02+0500
2022-10-03T13:02+0500
2022-10-03T13:02+0500
қоғам
жалғызбасты ана
ипотекалық бағдарлама
https://sputnik.kz/img/950/22/9502223_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_a0d6570173f6651140b521c9f9234eed.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова "Бақытты отбасы" бағдарламасынан "толық емес отбасы" санаты неге алынып тасталғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, Қазақстанда ажырасулар саны жиілеп кеткен. Арасында жалған ажырасулар да жоқ емес. Яғни "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша арзан несиеге үй алу үшін қазақстандықтар осындай қадамға баратын көрінеді. Оның мәліметінше, Қазақстанда 2017 жылы ажырасу саны – 54 626 болса, 2018 жылы 54 797-ге дейін ұлғайған. Ал 2019 жылы тағы бес мыңға артып, 59 796-ға жеткен. Ал 2020 жылы пандемияға байланысты ажырасуға өтініштер саны 48 мыңға дейін азайса, былтыр қайта өскен. Сол себепті "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысатындар тізімінен "толық емес отбасы" алынып тасталды. Енді олар "Шаңырақ – 5-10-20" бағдарламасы бойынша ипотека ала алады. "Толық емес отбасы, олар бала тәрбиелеп отырса да, жұмыс істей алады, балаларының дені сау. Айырмашылық – сыйақы ставкасында ғана. Әр отбасы деңгейінде шамамен 30 мың теңге айырмашылық болады", - деп түсіндірді ол. Мәселен, айтуынша, толық емес отбасы "Шаңырақ" бойынша 15 млн теңге қарыз алды делік. Алғашқы сегіз жылда ай сайын 116 500 теңге төлеп тұрады, кейін оның мөлшері 73 983 теңгеге дейін төмендейді. Ибрагимова мемлекет, ең алдымен, мүгедектігі бар адамдарды үймен қамтуға басымдық беретінін атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/950/22/9502223_176:0:2907:2048_1920x0_80_0_0_0d183d283aa762d7fce2bd3c5df679ea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалғызбасты ана, ипотекалық бағдарлама
жалғызбасты ана, ипотекалық бағдарлама
Жалғызбасты аналар "Бақытты отбасы" бағдарламасынан неге алынып тасталды
Енді олар "Шаңырақ – 5-10-20" бағдарламасы бойынша ипотека ала алады
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова "Бақытты отбасы" бағдарламасынан "толық емес отбасы" санаты неге алынып тасталғанын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда ажырасулар саны жиілеп кеткен. Арасында жалған ажырасулар да жоқ емес. Яғни "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша арзан несиеге үй алу үшін қазақстандықтар осындай қадамға баратын көрінеді.
Оның мәліметінше, Қазақстанда 2017 жылы ажырасу саны – 54 626 болса, 2018 жылы 54 797-ге дейін ұлғайған. Ал 2019 жылы тағы бес мыңға артып, 59 796-ға жеткен. Ал 2020 жылы пандемияға байланысты ажырасуға өтініштер саны 48 мыңға дейін азайса, былтыр қайта өскен.
"Біздің ойымызша, жалған ажырасулардың себептерінің бірі – адамдардың кезекке тұрғысы келетіні. Егер "1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар" санаттары бойынша ең қорқыныштысы мүгедектіктің өзі болса, "толық емес отбасы" бағыты бойынша ажырасқаны туралы куәлік жеткілікті", - дейді Ибрагимова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сол себепті "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысатындар тізімінен "толық емес отбасы" алынып тасталды. Енді олар "Шаңырақ – 5-10-20" бағдарламасы бойынша ипотека ала алады.
"Толық емес отбасы, олар бала тәрбиелеп отырса да, жұмыс істей алады, балаларының дені сау. Айырмашылық – сыйақы ставкасында ғана. Әр отбасы деңгейінде шамамен 30 мың теңге айырмашылық болады", - деп түсіндірді ол.
Мәселен, айтуынша, толық емес отбасы "Шаңырақ" бойынша 15 млн теңге қарыз алды делік. Алғашқы сегіз жылда ай сайын 116 500 теңге төлеп тұрады, кейін оның мөлшері 73 983 теңгеге дейін төмендейді.
Ибрагимова мемлекет, ең алдымен, мүгедектігі бар адамдарды үймен қамтуға басымдық беретінін атап өтті.