Батыс Қазақстанда қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында "Life is good" және "Hermes" қаржы (инвестициялық) пирамидаларын ұйымдастырды деген күдікке ілінген әйел ұсталды, ол сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, аталған жобаларға қатысты қылмыстық істі ҚМА аумақтық департаменті тергеп жатыр.
"Ұйымдастырушылар жеке тұлғалардан қаражат тартып, 24%-дан 54%-ға дейінгі мөлшерде төлем беруге уәде еткен. Тартылған қаражат көлемі 120 млн теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін агенттік қаржы пирамидасы ретінде жұмыс істейді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2023
Қоғам
Ақша салмастан бұрын тексеріп алыңыз: қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды
Жаңалықтар
0