https://sputnik.kz/20230522/qarzhy-piramidalary-tizim-zhariyalandy-35117653.html
Ақша салмастан бұрын тексеріп алыңыз: қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды
Ақша салмастан бұрын тексеріп алыңыз: қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды
Sputnik Қазақстан
Енді өз ақшасын инвестициялауға бел буған әрбір азамат компанияның сенімділігін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімнен де тексере алады
2023-05-22T09:32+0500
2023-05-22T09:32+0500
2023-05-22T09:32+0500
қоғам
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/44/14194450_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_43670f669029685dbede4eb5e60b24cf.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы ретінде жұмыс істейді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады."Енді өз ақшасын инвестициялауға бел буған әрбір азамат компанияның сенімділігін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімнен де тексере алады", - деп мәлімдеді ҚМА.Толық тізім мына жерде.Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды.Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жіберу нәтижесінде 52 мың қолданушы қаржы пирамидасы белгілері бар контентке жазылудан бас тартқан.Еске салсақ, қазақстандықтар белгілі бір компанияда қаржы пирамидасы белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін ҚМА телеграм ботын пайдалана алады. Жыл басынан бері бұл қызметке 3511 өтініш түскен.Агенттік халықты қырағы болуға және жинағын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырды.
https://sputnik.kz/20230206/aqtobede-qarzhy-piramidasy-lombard-atyn-zhamylyp-zhumys-istegen-31806203.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/44/14194450_331:0:1831:1125_1920x0_80_0_0_ec388095f407e1d42b5537e42bdbcc39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы тізім финансовая пирамида
қаржы пирамидасы тізім финансовая пирамида
Ақша салмастан бұрын тексеріп алыңыз: қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы ретінде жұмыс істейді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады.
"Енді өз ақшасын инвестициялауға бел буған әрбір азамат компанияның сенімділігін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімнен де тексере алады", - деп мәлімдеді ҚМА.
Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды.
Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жіберу нәтижесінде 52 мың қолданушы қаржы пирамидасы белгілері бар контентке жазылудан бас тартқан.
Еске салсақ, қазақстандықтар белгілі бір компанияда қаржы пирамидасы белгілерінің бар-жоғын тексеру үшін ҚМА
телеграм ботын пайдалана алады. Жыл басынан бері бұл қызметке 3511 өтініш түскен.
Агенттік халықты қырағы болуға және жинағын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырды.