https://sputnik.kz/20230522/singapur-qazaqstanga-14-milliard-dollar-investitsiya-quygan-35133637.html
Сингапур Қазақстанға 1,4 миллиард доллар инвестиция құйған
Сингапур Қазақстанға 1,4 миллиард доллар инвестиция құйған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізді, деп... 22.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-22T13:52+0500
2023-05-22T13:52+0500
2023-05-22T13:52+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/05/16/35130144_0:60:3351:1945_1920x0_80_0_0_cc506e698c98e38fdce80316eb1b6053.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Ақорда.Тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелеріне баса мән бере отырып, екі ел қатынастарының қазіргі жай-күйі мен перспективасын жан-жақты талқылады.Биыл наурыз айында екі мемлекеттің бір-бірімен дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толды. Президент осы кезеңде елдеріміз арасында өзара сенімді саяси диалог пен белсенді парламентаралық байланыстар қалыптасқанын атап өтті.Қазақстан мен Сингапур қатынастарында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық ерекше орын алады. Мемлекет басшысы бүгінде елімізде 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатқанына назар аударды."Сингапурдың Қазақстан экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асты. Экономикалық қиындықтар мен пандемияға қарамастан, былтыр өзара сауда-саттық көлемі 2 миллиард долларға жуықтады. Бұл өте жақсы нәтиже деп санаймын", – деді Тоқаев.Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі қаланғанына тоқталды. Бұл орайда жақында құрылған Қазақстан-Сингапур іскерлік кеңесі маңызды рөл атқарады."Сингапурға турист ретінде баратын азаматтарымызға қолдау көрсетеміз. Әрине, Сіздің елден келетін туристер мен бизнесмендерге біздің есігіміз әрдайым ашық. Сондықтан Қазақстан Сіздің елмен тығыз қарым-қатынас жасауға дайын екенін тағы да айтқым келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.АлСингапур президенті екі ел арасындағы саяси диалог пен өзара тиімді серіктестіктің деңгейін жоғары бағалады.Сонымен қатар Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мен Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебі арасында стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту маңызды екені айтылды.Мемлекеттер басшылары экспорт мүмкіндіктерін кеңейту, еліміздің аумағында бірлескен кәсіпорындар ашу мәселелері туралы пікір алмасты.Сонымен қатар президенттер Транскаспий халықаралық көлік дәлізі мен "Бір жол – бір белдеу" бастамасын бір-бірімен сабақтастыру, сондай-ақ елдеріміз арасында тікелей әуе қатынасын ашу жөнінде өзара тиімді ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе, соның ішінде Қазақстан мен Сингапурдың көпжақты құрылымдар аясындағы қатынастары талқыланды.
https://sputnik.kz/20230522/singapur-prezidenti-astananyn-bas-meshitinde-boldy-35121456.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/16/35130144_339:0:3012:2005_1920x0_80_0_0_6cf4ceb4253c55e8170866158bb920e2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Ақорда.
Тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелеріне баса мән бере отырып, екі ел қатынастарының қазіргі жай-күйі мен перспективасын жан-жақты талқылады.
"Сингапур президентінің Орталық Азия елдерінің арасында ең әуелі Қазақстанға келуі – біз үшін зор мәртебе. Сіздің Қазақстанға сапарыңыз – тарихи оқиға. Бұл сапар біздің өзара тиімді ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенімдімін. Қазақстан Сингапурмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуге ниетті", – деді мемлекет басшысы.
Биыл наурыз айында екі мемлекеттің бір-бірімен дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толды. Президент осы кезеңде елдеріміз арасында өзара сенімді саяси диалог пен белсенді парламентаралық байланыстар қалыптасқанын атап өтті.
Қазақстан мен Сингапур қатынастарында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық ерекше орын алады. Мемлекет басшысы бүгінде елімізде 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп жатқанына назар аударды.
"Сингапурдың Қазақстан экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асты. Экономикалық қиындықтар мен пандемияға қарамастан, былтыр өзара сауда-саттық көлемі 2 миллиард долларға жуықтады. Бұл өте жақсы нәтиже деп санаймын", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі қаланғанына тоқталды. Бұл орайда жақында құрылған Қазақстан-Сингапур іскерлік кеңесі маңызды рөл атқарады.
"Сингапурға турист ретінде баратын азаматтарымызға қолдау көрсетеміз. Әрине, Сіздің елден келетін туристер мен бизнесмендерге біздің есігіміз әрдайым ашық. Сондықтан Қазақстан Сіздің елмен тығыз қарым-қатынас жасауға дайын екенін тағы да айтқым келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
АлСингапур президенті екі ел арасындағы саяси диалог пен өзара тиімді серіктестіктің деңгейін жоғары бағалады.
"Қазақстан – біз үшін Орталық Азия аймағындағы аса маңызды серіктес. Өйткені еліңізді, шын мәнінде, аймақтағы көшбасшы ретінде танимыз. Бұл біз үшін өте маңызды әрі көп жылдан бері жақсы қарым-қатынас жасап келеміз. Бізді тығыз қарым-қатынасымыз ғана емес, ашықтық және тәртіп секілді қағидаттарға беріктігіміз де байланыстырады. Бұл – Қазақстан үшін де, біз үшін де маңызды", – деді Сингапур президенті.
Сонымен қатар Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мен Ли Куан Ю атындағы мемлекеттік саясат мектебі арасында стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту маңызды екені айтылды.
Мемлекеттер басшылары экспорт мүмкіндіктерін кеңейту, еліміздің аумағында бірлескен кәсіпорындар ашу мәселелері туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар президенттер Транскаспий халықаралық көлік дәлізі мен "Бір жол – бір белдеу" бастамасын бір-бірімен сабақтастыру, сондай-ақ елдеріміз арасында тікелей әуе қатынасын ашу жөнінде өзара тиімді ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.
Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе, соның ішінде Қазақстан мен Сингапурдың көпжақты құрылымдар аясындағы қатынастары талқыланды.