Сингапур президенті Астананың бас мешітінде болды

© Photo : ҚМДБСингапур президенті Астананың бас мешітінде болды
Сингапур президенті Астананың бас мешітінде болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астанадағы Бас мешітте елімізге мемлекеттік сапармен келген Сингапур президенті Халима Якобпен кездесіп, құлшылық ордасының жұмысын таныстырды, деп хабарлады Muftyat.kz.
Бас мүфти президентке Бас мешіттің өзге құлшылық үйлерден ерекшелігі жайлы әңгімелеп берді. Сонымен қатар дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, жамағаттың рухани сұранысын қанағаттандыру, Ислам дінін заманауи тәсілмен насихаттау, жамағат арасында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз етті.
Осыдан кейін ҚМДБ төрағасы мен Сингапур президенті Бас мешітте ашылған мұражайды аралады. Бас мүфти қазақ топырағында бой көтерген тарихи мешіттер жайлы мәлімет берді. Мәртебелі мейман мешіттің туристік мұнарасына көтеріліп, биіктен қаланың тыныс-тіршілігін тамашалады.
Сингапур Республикасының президенті Халима Якоб Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2023
Саясат
Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Сингапур президентін қарсы алды
Жаңалықтар
0