https://sputnik.kz/20230522/qazaqstan-zhenil-avtokolikter-eksportyn-46-ke-ulgaytty-35131165.html
Қазақстан жеңіл автокөліктер экспортын 46%-ке ұлғайтты
Қазақстан жеңіл автокөліктер экспортын 46%-ке ұлғайтты
Sputnik Қазақстан
Биыл шикізаттық емес экспорт әлемнің 106 еліне жөнелтілген 22.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-22T12:49+0500
2023-05-22T12:49+0500
2023-05-22T12:49+0500
автокөлік
экспорт
https://sputnik.kz/img/434/20/4342096_0:388:2951:2048_1920x0_80_0_0_404a5e9735ea4fb15b740d65f6191e06.jpg
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан уран, мұнай өнімдері және жеңіл автокөліктер экспортын айтарлықтай ұлғайтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, министрлік үшін өңдеу өнімдері экспортын 2025 жылы 41 млрд долларға жеткізу аса маңызды. Былтыр оның көлемі 26,5 млрд доллар болған."Биыл 1-тоқсанда өңделген өнімнің сыртқы саудасының жалпы көлемі 18,8 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 32%-ке жоғары. Соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш 63 пайызға өсті. Осы кезеңде шикізаттық емес тауарлар экспорты 5,9 млрд долларды құрады. Өсім 7,6%-ті көрсетті", - деді Төребаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен "Сыртқы нарыққа шикізаттық емес экспортты ілгерілету туралы" баспасөз мәслихатында.Оның айтуынша, экспорттың өсуімен қатар оның географиясы да кеңейіп келеді."Осы жылы қазақстандық шикізаттық емес экспорт әлемнің 106 еліне жөнелтілді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 6 елге артық. Өңделген тауарлардың негізгі импорттаушылары: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия, Нидерланды, Ұлыбритания, Жапония, Қырғызстан, Грузия, Ауғанстан болды", - дейді вице-министр.Экспортқа шығарылған негізгі тауарлар арасында мыс және катодты мыс, ферроқорытпа, уран, мұнай өнімдері, күміс, бидай ұны, табиғи газ және тағы басқасы бар.Соның ішінде, Төребаевтың айтуынша, экспорт өсімі мына тауарлар бойынша тіркелген:
https://sputnik.kz/20230522/avtokolik-tarikhyn-onlayn-tekseruge-bolady-35116012.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/434/20/4342096_220:0:2951:2048_1920x0_80_0_0_ad0934bd2f82b415b16266e89bf320a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автокөлік, экспорт
Қазақстан жеңіл автокөліктер экспортын 46%-ке ұлғайтты
Биыл шикізаттық емес экспорт әлемнің 106 еліне жөнелтілген
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Қазақстан уран, мұнай өнімдері және жеңіл автокөліктер экспортын айтарлықтай ұлғайтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, министрлік үшін өңдеу өнімдері экспортын 2025 жылы 41 млрд долларға жеткізу аса маңызды. Былтыр оның көлемі 26,5 млрд доллар болған.
"Биыл 1-тоқсанда өңделген өнімнің сыртқы саудасының жалпы көлемі 18,8 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 32%-ке жоғары. Соңғы 3 жылда бұл көрсеткіш 63 пайызға өсті. Осы кезеңде шикізаттық емес тауарлар экспорты 5,9 млрд долларды құрады. Өсім 7,6%-ті көрсетті", - деді Төребаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен "Сыртқы нарыққа шикізаттық емес экспортты ілгерілету туралы" баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, экспорттың өсуімен қатар оның географиясы да кеңейіп келеді.
"Осы жылы қазақстандық шикізаттық емес экспорт әлемнің 106 еліне жөнелтілді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 6 елге артық. Өңделген тауарлардың негізгі импорттаушылары: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия, Нидерланды, Ұлыбритания, Жапония, Қырғызстан, Грузия, Ауғанстан болды", - дейді вице-министр.
Экспортқа шығарылған негізгі тауарлар арасында мыс және катодты мыс, ферроқорытпа, уран, мұнай өнімдері, күміс, бидай ұны, табиғи газ және тағы басқасы бар.
Соның ішінде, Төребаевтың айтуынша, экспорт өсімі мына тауарлар бойынша тіркелген:
мұнай өнімдері – 52,5%-ке;
күнбағыс майы – 19,9%-ке;
минералды тыңайтқыштар – 2,8 есе;
жеңіл автокөліктер – 46%-ке;
сутек, инертті газ және тағы басқалары – 24%-ке.